Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қожанасырдың жалғыз тауығы

Қожанасырдың жалғыз тауығы болатын. Ол күрік болып, бір топ шөже ашып шығыпты. Арадан көп өтпей тауығын ұры ұрлап алып, сойып жеп қойыпты. Қожанасыр барлық шөжелердің мойнына қара шүберек байлап қоя береді. Мұны көрген көршісі:

— Қожеке, шөжелердің мойнына неге қара шүберек байладыңыз? — деп сұрағанда, оған Қожанасыр:

— Жас шөжені шулатып, анасын ұры алды да, жетім қалды. Сондықтан қарғап-сілеп, шиқылдап қара жамылып, азасын ұстап жүрген ғой, — деп жауап беріпті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама