- 03 ақп. 2020 00:00
- 194
Қожанасырдың бір кебісі суға кеткенде
Жол жүріп бара жатқан Қожанасыр бір сарқырап ағып жатқан ағысы тез үлкен арыққа тап болады. Көпірі болмағандықтан арықтан аттап өте бергенде, кебісінің біреуі суға түсіп ағып кетеді. Ұстай алмасына көзі жеткен Қожанасыр сұқ қолын шошайтып кебісіне қарап:
— Өзіңе де обал жоқ, аяғымды ауыртып жүр едің, «ерулікке қарулық» дегендей-ақ айыбың үшін ағып кеткенің де жақсы болды, — деп жүре беріпті.