- 24 қаз. 2016 00:00
- 238
Өскемендік мұғалім туған күніне планшет сыйлауды сұраған
Өскемендік мұғалім оқушыларының ата-аналарына жаңа гаджетке ақша жинау туралы ұсыныс жасаған, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті.
Бұл туралы ustinka.kz сайты хабарлайды.
Мұндай сорақы қылық туралы облыстық мектептер мен балабақшалардағы сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған семинар-жиналыста департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов хабарлады.
- Әрине, әр ата-ананың өмір сүру деңгейі әр түрлі, - деді шенеунік. - Кейбір ата-ана үшін мұндай сыйлыққа ақша жинау түк емес, ал кейбір ата-ана наразылықтарын білдірді. Сыйлық үшін түрлі дау-дамай орын алды, мұны жасырып қалу өте қиын. Т.Жұмағұлов мұғалімнің бұл қылығына жол берілмейтінін айтты.
Ол мектеп директорларын өз қызметкерлерімен сөйлесуге, облыс мектептеріндегі алым-салықты тоқтатуға шақырды.