Отбасы – мемлекет құндылығы, қоғам бірлігі

Әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі – отбасы. Мұндағы негізгі мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар бала мен оның құқығын қорғау. Осыған орай біз отбасын сақтау және кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау жайында Нұр - Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қыдырбек Әлқожаевпен әңгімелескен едік.
– Қыдырбек Қорғанбекұлы, ұлт болашағы мен мемлекет тұғырында отбасы – ең басты құндылық. Баланың қалыптасуы да, ұрпақтың өсіп өркендеуі де отбасынан басталады. Осы орайда өзіңіз кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы ретінде түрлі жағдайлармен кездесіп жүрсіз. Отбасы құндылықтарын сақтап қалу жөнінде не айтар едіңіз?
– Бүгін жаһандық өзгерістер заманында отбасы құндылықтарын сақтап қалу, оның жастар санасындағы беделін арттыру, сол арқылы «жаңа әлеуметтік жаңғыру кезеңіне» бірлесе аяқ басу, бала тағдырына асқан жауапкершілікпен қарау – аса қажет қадамдардың бірі де бірегейі деп білемін. Халқымызда «Ата көрген, оқ жонар, Шеше көрген тон пішер», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Қызым үйде, қылығы түзде», «Баланы ұл қылып тәрбиелесең ұл болады, құл қылып тәрбиелесең құл болады» деген өмірден түйген даналық өлшемдері, тәжірибемен келген ордалы ой тұжырымдары отбасынан басталатын тәлім мен тәрбиенің ақиқаттығын дәлелдейді. Міне, осы мәселені Нұр - Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында да күн тәртібіне қойылуы әрі заңдылық, әрі қажеттілік екенін дәлелдеп отыр. Сотқа жүгінетін ата - аналар да, жасөспірімдер де сол бір отбасылық дәстүрдің, рухани сабақтастықтың үзіле бастағанын әрі сыртқы ықпалдың жастар санасында орнығып жатқанын көрсетуде.
– Жаңа ғасыр талабы тәрбиеде кеткен ағаттықтың салдарын саралауға емес, қоғамдық орта ықпалымен қалыптасатын адами қасиеттерді ұлықтауға, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға, ең бастысы, баланың қоғамдағы орнын түсіне отырып, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғауға бағытталуға тиіс қой.
– Дұрыс айтасыз. Негізінен отбасының рөлі төмендеген кезде бала сыртқы ортаның әсеріне бейім болады. Дала мен өзге орта ережелері басымдық алғанда ата - ананың тәлімі азайып, абырой - беделі кеми бастайтыны шындық. Біз жастармен жастар тілінде диалогқа шыға отырып, заман міндеттеген қарым - қатынас платформасын таңдауымыз керек. Бүгінгі әлеуметтік желілер, қоғамдық институттар мен орталықтар тарих тағылымын, халық дәстүрін жастар санасына қолжетімді ерекше мазмұнда трансляциялауға дайын болса ғана ұрпақтар арасында байланыс, яғни сабақтастық орнауы мүмкін. Бұл ретте отбасылық құндылықтарды әр елдің бірегей сипатымен тоғыстыратын тәрбие мектебінің ұстанымдарына жүгінген дұрыс. Кеше ғана көпшілік назарына тарту етілген «Томирис» те, алдында ғана рухымызды көтерген «Жау жүрек мың бала» да, әртүрлі тұлғалардың өмірбаяндық деректеріне негізделген бейнетүсірілімдер де баланың санасына, ересектер қабылдауына әсер етпей қоймайды. Өйткені бұл өнер туындылары адамзат баласына ең қымбат қазына - байлығын, жүрегінің түкпірінде жатқан бойтұмарын тарихпен байланыстыра, өнегеге толы эмоционалды реңкпен көрермен назарына ұсына біледі. Бала естігеніне емес, көргеніне, байқағанына көбірек сенеді, сондықтан қасында жүрген ата - анасы мен бауырлары – оның үлгі тұтар іргесі де, сенім артар тұғыры да. Біз отбасын сақтау, оның қоғамдық қызметін аса маңызды институт ретінде бағалау арқылы ғана мемлекеттің болашағына зор үмітпен қарай аламыз. Бұл бағытта соттар әкімшілік орындарымен, мектептермен, жоғары оқу орындарымен тығыз қарым - қатынас орнатуы керек. Сот қарауына түскен істер, шынайы өмір оқиғалары бала қауіпсіздігіне, оның құқықтық сауаттылығына жұмыс істеген жағдайда ғана қылмыстық құқық бұзушылық санын азайтуға болар. Соттар психологтармен, полиция қызметкерлерімен, медиаторлармен бірлесе бала құқығына қатысты мүдде ортақтығын ұстанған кезде ғана мәселенің түп төркіні өз шешімін табады деген ойдамыз.