Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 46 минут бұрын)
Астанада марафонға байланысты 10 көше жабылады: толық тізім және уақыты

Астанада 7 маусымда өтетін Astana Half Marathon марафонына байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биылғы Astana Half Marathon мерейтойлық жарысқа 30-дан астам елден шамамен 7 мың жүгіруші қатысады. Осыған орай, қала көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Көлік қозғалысына шектеу қойылатын уақыттар мен орындар:

6 маусым сағат 06:00-ден 7 маусым сағат 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс ішінара шектеледі.

7 маусым күні жарыс өтетін күні келесі учаскелерде көлік қозғалысы уақытша жабылады:

Қатысушылар өтетін бағыттар бойынша шектеулер кезең-кезеңімен алынады. Көлік қозғалысы сағат 09:00-ге дейін толық қалпына келтіріледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы ұйымдастыруындағы уақытша өзгерістерді ескерулері сұралады.

Жаңалықтар

Жарнама