dalanews.kz
- 06 мау. 2026 13:01
- 20
"5 баламның бағы шығар": Мөлдір Мұқанова қуанышты жаңалығымен бөлісті
Танымал блогер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа көлік алғанын мәлімдеп, көпшілікті қуанышымен бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көпбалалы ана бұл қуанышын бес баласының несібесімен байланыстырды. Оның айтуынша, балалары өміріндегі ең үлкен қолдаушыларына айналған.
«Аллама, сосын өзіме ризамын»
«Бір кездері өзіме модель де, актер де, актриса да, стилист те, көмекші де, ақылшы да болатын балаларды дүниеге әкелгеніме әуелі Аллама, сосын өзіме ризамын. Осы 5 баламның бағы шығар, көлікті болдық. Құдай берем десе, бір-ақ күн жетеді екен», – деп жазды блогер.
Жаңа көлікпен саяхат жоспарлануда
Мөлдір Мұқанова енді балаларын жаңа көлігіне отырғызып, бірге жиі саяхатқа шығуды жоспарлап отырғанын айтты.
«Енді бесеуін салып алып, улап-шулап жақсы жерлерге барамыз. Көлігіміз біздің көрікті отбасымызға үйлесіп тұр ма? Біз үшін қуанып, құттықтап жатқан әрбір жанға мың алғыс. Әр оқырманымды шын жақсы көремін. Баршаңызға жақсылық жұғысты болсын!» – деді ол.
Желі қолданушылары блогерді жаңа көлігімен құттықтап, отбасына амандық, береке және қуаныш тіледі.