Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Анама көмектесемін. Фигуралар тізбегі
Сабақ тақырыбы:  Анама көмектесемін. Фигуралар тізбегі.
Мектепалды сынып: 0 Қатысушылардың саны: 14Қатыспағандардың саны: 
Оқыту мақсаттары 0. 2. 3. 1. Геометриялық пішіндер және олардың түстері туралы түсініктерін бекіту.
Күтілетін нəтижелер Барлық тəрбиеленушілер:
- түрлі фигуралардың, заттардың орналасу бірізділігін анықтайды.
Көптеген тəрбиеленушілер:
- түрлі фигуралардың, заттардың орналасу бірізділігін анықтайды жəне оны жалғастырады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
- фигуралардың, заттардың бірізділігін өз бетінше құрастырады.
Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:
- бірізділік жасалған белгілерді құрастыра алады, заңдылықтың бұзылғанын түсіндіре алады.
Пəндік лексика жəне терминология:
реттілік, бірізділік, алдымен, кейін.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
– Мына заттардың қасиеттерін ата.
– Заттардың қатарын қалай жалғастыру керек екенін түсіндір.
– Қалай ойлайсың, бірізділік дұрыс құрылған ба?
– Заңдылықты жалғастыру үшін қандай заттарды (фигураларды) пайдалану керек?
Жазу: фигураларды жалғастырып құрау, бояу. 
Алдыңғы білім Достарыммен ойнаймын. Заттарды жиынға біріктіру
Жоспар 
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс - əрекет  Ресурстар 
Басталуы 0 – 1 минут
4 минут
4 минут 
Шаттық шеңбері.
Оқып білім аламыз,
Біз көңілді баламыз.
Математика пәнінде,
Тапқыр, алғыр боламыз.
Өткен сабақты еске түсіру.
Олай болса балалар, әр заттың өз жиыны болады екен.
Заттарды жиынға бөліп көрейік.
Пішіндер еліне саяхат. (видео)
Ал, балалар сендер экраннан не көрдіңдер?
Сұрақ - жауап.
Жарайсыңдар, балалар!
Бұл геометриялық пішіндер деп аталады.
Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын мәнерлеп айтып береді.
Видео
Ортасы
7 минут
3 минут
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Фигуралар тізбегі.
(Ұ) Балаларға сұрақ қою арқылы геометриялық пішіндерді тақтаға ілу, ауада салу.
Балалар, сендермен «Қайсысын жасырдым?» ойынын ойнайық.
Шарты: тақтаға үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек пішіндер ілінеді. Балалар екі секунд ішінде пішіндерді естеріне сақтап алулары керек. Көздерін жұмғызып, бір пішін тығып қойылады. Ал балалар сол жасырынған пішінді анықтайды.
(Балалар белгілерді атайды).
(Т) Əрі қарай берілген тапсырманы топпен орындайды.
Балалар геометриялық пішіндерден әр түрлі заттарды құрастыру.
І - топ. Көлік құрастыру.
ІІ - топ. Үй құрастыру.
- Жарайсыңдар, балалар енді қай топ не құрастырғанын әңгімелеп берсін.
Геометриялық пішіндер суреті
Геометриялық пішіндер, желім,
ақ қағаз.
Сергіту сәті
1 минут
Бойды сергек тік ұста,
Емін еркін тыныста.
Екі қолды көтеріп,
Шеңбер жасап тыныста.

 3 минут(Ж) 2 - тапсырма. Фигуралар тізбегін боя.
Сұрақ - жауап
Балалар бүгін сабақта не істедік?
Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
Əліппе дəптер 
Рефлексия
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
Бас бармақтар

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама