Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақылшы мұғалім
Сабақ тақырыбы: Ақылшы мұғалім. /Ә. Дүйсенбиев/ Пәні: Әдебиеттік
оқу
Сабақ мақсаты:2. 1. 3. 1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
2. 2. 2. 1 - мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу
2. 3. 3. 1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну
Бағалау критерийіЖеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Әдіс - тәсілдерСұрақ - жауап, бестармақ, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. ыстық орындық, ой қозғау,
Пәнаралық байланысМузыка, қазақ тілі, тарих. 
Жоспарланған уақытЖоспарланған жаттығуларРесурстар
Басталуы 5 минут1. Ұйымдастыру
2. Топқа бөлу
Қала атауларына байланысты топқа бөлінеді
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Бір - бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет шапалақтаймыз!
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Үй тапсырмасын ыстық орындық әдісі арқылы еске түсіріп қорытындылаймыз.
Ыстық орындыққа отырған оқушыға, басқа оқушының өзі сұрақтар қояды.
Кері байланыс: Маған.......... ұнады. Себебі..........
1 - топ: Астана
2 - топ: Алматы
Қала суреттері
20 минут
8 минут
Жаңа сабақ
Ой қозғау.
Мына суретте кімді көріп тұрмыз?
- Әрине мұғалімді
- Мұғалім дегеніміз кім өзі?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Ақылшым - мұғалім
Мәнерлеп оқып, өлеңді әнімен айту.
Дескриптор: Білім алушы
- Өлеңді мәнерлеп оқиды
- Өлеңнің негізгі ой туралы айтады.
- Сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен жұмыс.
Дескриптор: Білім алушы
- Өлеңдегі жаман әдеттен аулақ болу үшін кеңес жаз
- сөйлемді дұрыс құрап, қатесіз жазу
- Автор өмірбаяны туралы шолу жаз.
Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір - бірінің сұрақтарына жауап береді.
Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.
Топпен жұмыс.
1 - топ мұғалім жайында не білесіңдер?
2 - топ мұғалім мамандығы қандай мамандық?
Топпен ойласып, жауап береді. 
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
«Интервью» әдісі
Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады. 
Сергіту сәті
2 минут
 Ұстазым әнін орындау Оқушылардың барлығы қосылып бірге орындайды.
Сабақты қорытындылаймыз.
5 минут
БББ кестесі
БілгенімБілдімБілгім келеді



Оқушылар кестемен жұмыс жасайды
Бағалау
5 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім


Үйге тапсырма: Өлеңді әуенімен жатқа айту, дәптермен жұмыс.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама