Өтіріктің астарындағы шындық
Халық ішінде бір жақсы сөз бар: «Ешқашан ешқашан деп айтпа». Өмір бізге ешнәрсені кесіп айтуға келмейтінін үйретті. Кездейсоқтық дегеніміздің заңдылық екенін, заңдылық дегеніміздің кездейсоқтық болып шығатынын көрсетті. Осы заңдылықтар мен кездейсоқтықтардың арасында жүріп адам бір күні өзінің өтірік айта алатынын білді. Ең ұлы өтіріктер «Мен ешқашан өтірік айтпаймын» дегеннен басталатын секілді. Ешқашан өтірік айтпау деген әрқашан шындықты айту дегенді білдірмесе керек.Шындық туралы шындық пен өтірік туралы өтіріктің арасалмағы шамалас екенін байқау қиын емес. Шындық туралы шындықты айтуға болады, бірақ өтірік туралы өтірік айтуға болмайды. Неге десеңіз, біреудің шындығы өзгеге өтірік, ал біреудің өтірігі өзгенің шындығы. Жалпы адамзаттық шындықтар жеке адамдық өтіріктерден құралатын секілді. Өйткені тарихты адамдар жазады. Кей өтіріктердің туу дәуірі тым ескі, көне болғандықтан, оның туу себебі ұмытылып үлгергендіктен оның салдары ең ұлы шындық секілді көріне береді. Байқап көріңіз, мамандардың зерттеуінше ең бір шыншыл адамның өзі бір күнде төрт өтіріктен елу өтірікке дейін айтады екен. Тіпті онысын өзі де байқамай қалады. Алпыс жыл өмір сүрген адам сексен сегіз мың өтірікті қолдануы анық болып отыр. Сонда тұтас бір халықтар өзінің өмір сүру кезеңінде қанша өтірікке дейін айтуы мүмкін ? Мәселен, психологтардың пайым - дауынша Европалықтар өтірікті көбірек айтады екен. Әрине, өтірікті айтудың әртүрлі себептері және өтіріктің түрлері бар. Платонша айтқанда «Ізгі өтірік» ( «Кінәратсыз мемлекетте билік қоғамның игілігі үшін «ізгі өтірікке» баруы тиіс» ) яғни әр алуан адамдардың бір - бірімен түсіністігі үшін зиянсыз деп танылады. Батыс қана емес, шығыс халықтары да «ізгі өтірікті» ерекше қолдана біледі. Ал батыста «ізгі өтірік» айтудан бірінші орында итальяндықтар, содан кейін француздар, немістер, ағылшындар және тізім соңында голландықтар тұр. Қазақ халқы өтірікті қаншалықты айтады ? Қазақта өтірікшіні мынадай ұғымдармен береді: суайт, беспе, судыр, алдам- паз, сужұқпас т.б. Сондай - ақ «Өтірік өрге жүзбес», «Өтірікшінің куәсі қасында», «Өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай...», «Өтіріктің құйрығы бір тұтам» секілді мақал мәтелдермен айқындайды. Осыдан байқағанымыздай, қазаққа аңғал өтірік тән секілді. Алдампаз кейіпкерлері өз өтірігіне өзі алданып қалатын мысалдар көп. Бы - лайша айтқанда, біз көбіне өзгені алдадық деп, өзімізді алдап отырамыз. 2008 жылы белгілі бір халық - аралық компания әлемнің 19 елінде жүргізген сауалнама нәтижесін ұсынды. Сондағы ұйғарым бойын ша, адамдар өткен онжылдықтарға қарағанда қазір өтірікті ерекше көп айтатын болып шыққан. Өтірік айтуда ерлер әйелдерден аспаса, кем түспейді екен. Мұны немен түсіндіруге болар еді ? Әр дәуір, кезеңдер бір идеямен немесе пәлсафалық ұғыммен ашылып, анықталып отырады. Үміт дәуірі, Сенім дәуірі, Кек дәуірі деген секілді. Бұл ұйғарымға сүйенсек, алда жалғандық дәуірі келе жатқан сыңайлы. Адамдар барлық құндылықтардан бас тартып, алдамшы, өтпелі идеяларға бой ұруы мүм - кін. Бүгін өтірік айту өмір сүрудің тәсіліне айналып үлгерген. Кәрі шындықтардан жап-жас өтіріктер сүйкімді. Өмірдің шындығын, өлімнің шындығын, ғаламдық жылынудың шындығын, жердегі биоқорлардың таусылу шындығын білу жалпы алғанда адамға қажет пе ? Адам онсыз да оны біледі. Ал адам баласының табиғат алдындағы жеңімпаздығы, өлімді де жеңетіні, биоқорды басқа ғалам шарлардан алуға болатыны туралы әдемі өтіріктер өмір сүруге деген құштарлықты оятады. Дегенмен әркімнің қандай шындықты болма сын білуге хақысы бар. Тіпті жазылмас дертке шалдыққандардың өзі қанша өмірі қалғанын білуге құқылы. Бірақ кейде белгілі бір шындықтарды білмей-ақ қойған жақсы.
Тоқанова Аяужан