Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Мектепалды даярлық тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Гимн: «Әнұран» орындалады.
Тәрбиеші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Мектепалды даярлык тобының
«Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз» (хормен) атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Тәрбиеші:

Өтті қызық, көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.

Ақерке:
Құрметті қонақтар, армысыздар
Бәріңіз де есен - сау бармысыздар,
Таусылмастай ағытып ой - арманның,
Ал достарым, қысылмастан сөйлегін.

Нұрдәурен:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әр бір күнің, айың.

Хор: «Біздің балабақшамыз»
Би: Үнді биі «Зуби - зуби»

Мая:
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғыңдар,
Ер жетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын,
Туған дала қуансын.

Дәурен:
Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық!

Ұлан:
Қуанамыз, сыйлаймыз.
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін,

Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл - қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін.
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама