- 12 сәу. 2016 00:00
- 196
«Өз шығармашылығымнан» өлеңдер жинағы
Ақтөбе қаласы
«Ақтөбе орта мектебі» ММ
3 «а» класс оқушысы
Сериков Арсен Нуркельдиевич
Класс жетекшісі: Маханова Баян Аманбаевна
«Өз шығармашылығымнан» өлеңдер жинағы
Рахмет саған жаратқан
Мен қазақтың ұлымын,
Әлемге атын таратқан.
Сен болмасаң не істерем?
Рахмет саған жаратқан!!!
*****
Жаңа жыл
Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз,
Керемет қой жаңа жылғы әніміз.
Ән айтамыз бәріміз де қуанып,
Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз.
*****
Өтірік өлең
Балға,шеге бұрылды,
Заттар еді бұрынғы.
Бала шегені қағып ап,
Әдемі үй құрылды!!!
*****
Супер ағалар-ай
Ағаларым менің,
Күштері көп еді.
Ағамнан бір сыйлық сұрасам,
Мың сыйлық әкеп береді!!!
*****
Ата-ана
Ата- анам менің,
Керемет адамдар еді.
Бір сөз айтып жіберсем,
Күлкі тауып береді!!
*****
Ұстаз
Менің атым «Арсен»,
Ұстазымның шәкірті.
Ұстазым маған айтады,
Сен баласың тәртіпті!
*****
Мектебім менің
Мектебім менің әдемі,
Класым керемет еді.
Мектебім анам секілді,
Маған білім береді!
*****
Отбасым
Әкем менің қорғаушым күнім дейтін,
Анам менің қолдаушым тілім дейтін.
Әжем менің ақылшым ойым дейтін,
Ағам менің бауырым жаным дейтін.
*****
Надан емес адам болып жараңдар!
Бір сөзді де оқиалмас надандар,
Надан емес адамдарда бар арман.
Осы отырған барша қазаққа айтарым,
Надан емес адам болып жараңдар!
*****
Көктем
Көктем келді,күн шығып,
Айлар,күндер тұр күліп.
Тура анам секілді,
Мейрімді боп тұр күліп.
*****
Тәуелсіздікке 25 жыл!
Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, Әпкелеріміз.
*****
Бар мейірімділік анада
Бар мейірімділік анада
Ана деген бір жанды
Мейірімділік ананың
Болмас еш бір адамда.
*****
Қыс келді міне өмірге
Қыс келді міне өмірге,
Жаңа жылменен бірге.
Жаңа жылдың қызықтары,
Сыйлық әкелді бізге!
*****
Ана
Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!!!
*****
Біз баламыз бүлдірген
Біз баламыз бүлдірген,
Сары даланы күлдірген.
Ойнаймыз біз секіріп,
Ойындарды білмеген!!!
*****
Керемет қой аналар
Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен
Бақытты ғой ұл-қыздар!!!
*****
Ойнаймыз!
Ойнаймыз да, күлеміз,
Бар ойынды білеміз.
Күнде де, түнде де,
Ойнап біз жүреміз!!!
*****
Ананы мен жақсы көремін!
Ананы мен жақсы көремін,
Ана шаттық, бақыт береді.
Анаменен барлық адам,
Бақытты болып жүреді.