Сөйлеу мүшелерін дамыту
Жалпы тіл кемістігі мен ой өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамы компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері. Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылыми зерттеу институтының Р.Г.Левина бастаған ғылыми қызметкерлері 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулер қорытындысының нәтежесін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дыбыстарды бұзып айтуын фонетикалық есту қабілетінің дамымауы. Сөздік қорымен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы. Жалпы сөйлеу қоры мен жалпы сөйлеу тілі дамыған балалардың барлығына тән кемшілік. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейіне тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырлап сөйлеседі, жеке еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздер мен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анықталмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы жеткізледі, бет аузын қисаңдатып ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері ақыл ойы кем балаларда болуы мүмкін. Бірақ та сөйлеу тілі дамыған есі дұрыс балаларды ақылына қарап сөйлеу тілі дамыған олигофрен ақыл ойы кем балалардан оңай ажыратуға болады.
Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барды. Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Сондықтани ұсақ қол моторикасын дамыта отырып адамның жазуға ішкі ағзасына ықпал етеміз.
Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады. Ол екіге болінеді: 1) отырып ойнайтын саусақ ойындары; 2)қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып, секіру, бір орында жүгіру, қол, аяқ, бас қимылдары да бірге орындалады.
Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда қолдың саусақ және буындарына массаж қолдданудыңда маңызы бар. Массаж үлкенгеде кішігеде қажет. Дамуында әртүрлі ауытқушылықтар бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады. Оның негізгісі сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары.
Жалпы тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда, сондай ақ әртүрлі жұмсақ конструкторларды құрастыру, моншақты жіпке тізу, бау байлау қолданылады.
Қазіргі уақытта дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.
Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша дислалия қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін болса, оны қарапайым, ал одан көп болса күрделі дислалия дейді.