Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өзегіңді өртейтін ауру бала жайлы хикая

 

- Айгүл әпке, мүмкін мен өлмейтін шығармын??? -  басында бір тал шашы жоқ , өңі бозарып кеткен бала осылай деп үн қатты. Терісі толықтай жасыл түске енген. Сырттай француз фильміндегі Фантомасқа ұқсайды, бірақ күлкілі емес. Еш.

Жасы 60-тардан асып кеткен медбике ауыр күрсінді. Мұндайға үйрену мүмкін емес. Адам баласы мұндайға үйрене алмайды. Себебі, ол адам баласы дейтін атауға ие.

- Ол не дегенің?!!  Әрине, сен өлмейсің.... - көзінен жас атқылап жатыр.

- Айгүл әпке, түсінесіз бе? Cенбі күні -анамның туған күні. Оған арнайы сыйлық дайындап қойдым... өз қолыммен...  егер, өліп қалсам, оны қалай сыйлаймын?  Сенбі күніне дейін өлмей тұрсам бола ма? Өтініш?

Қатерлі ісік ауруханасы. Өлім мен өмірдің ортасында арпалысқан жандардың жатын бөлмесі. Бұл балаларға өлім үкімі кесіліп қойылған. Бұған қарамастан, тірі адам кейпіне енуге тырысады, тіпті, кейбіреуінің сөйлеуге  шамасы жетіп жатыр. Әрқайсысының санаулы өмірі қалды. Мүмкін, бір апта немесе бірнеше ай. 

Оған ешнәрсе қажет емес. Оны құтқару тым кеш, ол тек анасының туған күнін көргісі келеді. Түрлі-түсті қағаздан өз қолымен жасаған арзан сыйлықты тарту ету үшін... Оның өміріндегі ең құнды сыйлық. О Жаратқан, баланың бейбақ анасына бұл ауыр сыннан өтуіне жәрдем бере гөр!  Есінің ауысуына жол бере көрме....

Ал, бізде айфондардың түр-түрімен бар. Қай үлгісі? Бесіншісі немесе алтыншысы?  Бізде - таза алтынмен көмкерілген жиһаздар. Бізде - келемеждеу үшiн, тоңазытқышқа орнатылған МР3-плеерлер. Тіпті, қазір космосқа ғарышкерлер емес,саяхатшылар ұшатын болған. Ғылымның атасы мен анасы қалтасы ақшаға толы бай-сымақтарға тік тұрып, қызмет етуде. Әсемдік салондарынан аяқ алып жүре алмайсың. Әжімдермен күресуге арналған зертханалар қаптауда. Бірақ, қатерлі ісік, СПИД секілді аурулардың алдын алуға қауқарсыз адам баласы.

... Ал, баланың бағы бар екен. Көптен асыға күткен сенбі күнін қарсы алды. Тек, бір аптадан соң ғана, өмірмен қош айтысты.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама