Сәлемдесу әдебі
№ 21 «жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сінің
11 «Ә» сынып оқушысы Мадуарова Жанбота
Ғылыми жобаның жетекшісі: Абжаппарова Г.М.
Жұмыстың жалпы сипаты: Халқымыздың дәстүрлі амандасу, сәлемдесу әдебінің қалыптасу жолдарын, әдептілік пен әдепсіздіктің тайталасын, өмірлік міндеттің, яғни, дұрыс амандаса білудің сипатын ашу.
Мақсаты: «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» деген халық даналығының сырына үңілу, мұсылман қауымының сәлемдесу дағдысы, оның мәні туралы зерттелген еңбектерді жүйелеп талдау.
Міндеті: Жобаның міндеті жасөспірімдер мен жастар қауымының батысқа еліктеп амандасудың қазақ қоғамына жат екенін, денсаулыққа да пайдасы жоқ екенін түсіндіру.
Зерттеудің өзектілігі: Осы күнгі баспасөз беттерінде:«Қалай амандасып жүрміз?» деп жан айқайын білдірген ағалар мақаласы көптеп жариялануда. Батысқа еліктеп, беттен сүйіп амандасу, күнде кездесіп жүрсе де, құшақтасып амандасуды ерсі көрген,бұрынғы дәстүрімізге адалдық танытпаған жастарға реніштерін білдірген үлкендердің бұл сынына жастар жағы лайықты жауап қайтарар емес. Аз да болса көпшілікке ой тастау осы ғылыми жобаның өзектілігі болып табылады.
Өзектілік нәтижесі: Ұлттық әдебіміз, тарих, медицина тұрғыссынан берілген мәліметтерден соң, жастар мен жасөспірімдер арасындағы батысқа еліктеп амандасуды ата-бабамыздан қалыптасқан амандасумен алмастыру.
Дерек көздері:
Асылов Ү., Нұсқабайұлы Ж. «Әдеп:инабаттылық дәрістері» Алматы,1991 ж
Хадис. Мұхаммед пайғамбардың өсиеттері
Поцелуй Иуды. Герпес.
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы
Жоспар:
1. «Сәлем»сөзі туралы түсінік. Сәлемдесу.
2. Сәлемдесу жөнінде «Хадисте» жазылған ақыл-кеңестер.
3. Бұрынғылар қалай амандасты?
4. Қол алып амандасу қайдан шықты?
5. Қазіргі қоғамдағы етене жақындасып амандасу қайдан шықты?
6. Етене жақындасып амандасуды медицина қолдамайды.
7. Қалай сәлемдесу керек?
8. Қорытынды
«Сәлем» арабтың «тыныштық, бейбітшілік» деген мағынадағы «ассалам» сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар осы сөзді қолданып амандасады. Мұсылман дінін қабылдағаннан бері қазақтар да алдымен осы сөзден бастап амандасатын болған.
Сәлемдесу
Сәлемдесу, амандасу адамның бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетуі болып есептеледі. Күнделікті өмірде біз қанша адаммен кездесіп, қанша жұртпен ұшырасамыз. Солардың бәрінде де бірінші кезекте арамызда сәлемдесу, амандасу жүреді. Адам баласы қашаннан бейбіт, тыныш өмір сүруді аңсап, армандаған. Сол арманның негізінде қолы жеткен зор игілігі сәлемдесу әдебінің қалыптастырылуы. Сәлемдесудің кереметі сонда - адамдардың бір-біріне жылы мейірім мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, жақындықты бейнелеуінде.
КІМ БІРІНШІ СӘЛЕМ БЕРУ КЕРЕК?
ХАДИСТЕ ЖАЗЫЛҒАН СӘЛЕМ БЕРУ ӘДЕПТЕРІНЕ СҮЙЕНСЕК:
■ АТТЫЛЫ ЖАЯУҒА
■ ЖҮРІП КЕЛЕ ЖАТҚАН - ОТЫРҒАНҒА,
■ АЗШЫЛЫҚ - КӨПШІЛІККЕ,
■ ЖАСЫ КІШІСІ, ЖАСЫ ҮЛКЕНГЕ
■ ЕР АДАМ ӘЙЕЛ АДАМҒА БІРІНШІ БОЛЫП СӘЛЕМ БЕРУІ КЕРК ЕКЕН.
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ШЫҒАРМАСЫ АТАНЫП, ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІҢ КӨРКЕМ ШЕЖІРЕСІ ДЕП ТАНЫЛҒАН ҚАЛАЙ АМАНДАСЫПТЫ» ДЕГЕН ОЙМЕН ЖАУАП ІЗДЕП КӨРГЕН ЕДІМ. БАЙҚАП ОТЫРСАМ КҮНДЕЛІКТІ ТҰРМЫСТА БЕТТЕН СҮЙІП АМАНДАСУ, КЕЗДЕСКЕН САЙЫН ҚҰШАҚТАСЫП АМАНДАСУ МҮЛДЕМ КЕЗДЕСПЕЙДІ. ТЕК САҒЫНЫСЫП КӨРІСКЕН ТУЫСТАР, ҚҰРБЫЛАР АРАСЫНДА ҚҰШАҚТАСЫП, БАУЫРЫНА БАСЫП, АМАНДАСУ ТҮРЛЕРІНЕ КУӘ БОЛДЫМ.
Мысал:
«Абай бұл хабарға қуанып, бас ие берді. Сақалы ақ болса да, әлі қапсағай денесі, қайратты жүзі кәрілікке мойымаған Дәркембай Абайға кең құлаш жайды. Дос бейілін шын бере түсін:
- Айналайын жалғызым, арысым! – деп, қапсыра қысып,бетінен сүйді.»
«Сол кезде, қатты жүріп келе жатқан арбаға, ауыл жағынан шауып келіп ілескен бір аттың дүбірі естілді.Абай мен Баймағамбет қатар бұрылып қарасты. Арғымақтай биік қара қасқа, семіз құнанға күміс ер-тоқым ерттеп мінген ересек бала, Әзімбай шауып келген екен.
- Ассалаумағалейкүм, Абай аға! - деп жанаса кетті.
Абай баланың сәлемін алып, әке-шешесінің амандығын сұрады. Бұл, Тәкежан мен Қаражанның ер жетіп қалған жалғыз ұлы болатын.»
Сөз қадірін биік қойған қазақ тіпті «Сәлем - сөздің анасы» деп баға
берген. Оны әйгілі Бұқар жыраудың мына бір өлеңінен жақсы
байқауға болады:
Әй,айташы,айтсаң айт!
...Құдіретімен жаратқан,
Он сегіз мың ғаламды айт.
Ақтан сия танытқан
Дәуіт пенен қаламды айт.
Сөйлеу үшін жаратқан
Сөз анасы - сәлемді айт!
Қазіргі қол алып амандасу қайдан шықты?
Бұның тарихы тым әріде екен. Қадым замандағы неандерталь адамы аң аулап жүріп, өзі секілді аяқты, жұмыр басты пендені кезіктіргенде,оған өзінің қастық жасау ниетінің жоқ екенін білдіру үшін оң қолын жоғары көтеретін болған. Бұл оның:«Көріп тұрсың ғой, мен қарусызбын»,- дегені екен. Бұл ишарат Мысырда мәлім болған. Бұл әдеп кейін римдіктерге көшіп, кешқұрым кездескен адамдар, ең алдымен, қару- жарақтарының жоқтығына сендіру үшін оң қолдарын алысуы керек болған.
Қазіргі қоғамдағы етене жақындасып амандасу қайдан келді?
Етене жақындасып амандасудың отаны - Европа елдері.Бұл елдерде Қазақ қоғамындағыдай әдепті емес, керісінше әйел болсын, ер адам болсын беттен сүйіп, құшақтасып амандасады. Ал бұл бізге қалай келді?
Мынандай болжамдар бар:
- Европа елдері секілді амандасу алдымен, қоғамымыздағы жастардың еліктеушілігінен;
- Үздіксіз телеарналардан батыс елдерінің сериалдарын көрсетуінен;
- Шет ел азаматтарымен бұрынғымен салыстырганда, кеңінен араласудан;
Етене жақындасып амандасуды медицина қолдамайды.
Интернетке кіріп,етене жақындасып амандасуға медицина тұрғысынан көзқарастарды іздестіріп көрдім. Нәтижесі көңіл қуантарлық емес. Бұл жолмен жұғатын ауру түрлеріне саусақ жетпейді. Олар: герпес, тұмау, туберкулез, сифилис, гепатит сияқты ауру түрлері. Осылардың ішінде вирусы кең таралған ауру ол - герпес. Оның вирусы ағзаға түскеннен кейін бірнеше күннен кейін қуаттанып, тері бетіне шығады. Бірер күн өтер өтпестен, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік байқалады екен. Егер адамда
тым болмағанда бір рет герпес шыққан болса, онда ол адамды герпестің алғашқы формасының науқасы деп атауға толық негіз бар. Жер бетіндегі 90% адамдар герпес вирусын тасушылар. Бұл тек жеңіл ауру түрі. Ал осылай амандасу нәтижесінде өміріңізге қауіпті ауруды да жұқтырып алмасыңызға кім кепіл? Сондықтан медицина қызметкерлері бұлай амандаспаған жөн деп санайды.
Қалай амандасу керек?
Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты - жылы шырай. Онда сәлем беруші мен сәлем алушының қас-қабақ, бет-жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады. Сәлем алушы үшін мұның бәрі маңызды. Айталық, көз көреді, аяқ жүреді, ауыз жұтады осылардың бәрі сенің өзіңе қызмет етеді. Тек жылы жүз, әсем күлкі мен әуезді үн айналадағы адамдардың еншісі. Және бұлар басқалардың сенімен жайдары, жақсы қатынаста болуы тілектестік, ниеттілік үшін, жанды жараламау үшін қажет. Сол себепті де әркім сәлемдесуді емес, қалай сәлемдесуді білу, өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына талпынуы, машықтанып, үйренуі керек.
Қорытынды
Қорыта келгенде, әркім кіммен, қай жерде, қандай жағдайда жолығып тұрғанынан жаңылмай, салт-дәстүрімізден айнымай, барынша сыпайы, әдепті сәлемдесіп үйренгені абзал. Сәлем беру -өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Ендеше одан жаңылуға да, жалығуға да қақымыз жоқ.