Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өзендер. Көлдер. Тоғандар.  Дүниетану 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар
Білімділік: өзендер, көлдер және тоғандар, олардың айырмашылығы, шаруашылықтағы пайдасы туралы түсінік беру, еліміздегі өзендер және көлдермен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың сана - сезімін, ойлау қабілетін дамыту,
салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: айнала қоршаған табиғаттың қыр - сырын танып білуге, есте сақтауға, өмірде пайдалана білуге баулу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары, ауызша баяндау, сұрақ - жауап әдісі,
картамен саяхатқа шығу, Венн диаграммасы, мәтелдің мағынасын ашу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылармен амандасу;
- оқу құралдарын дайындауы;
Психологиялық сәт
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос, бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
Оқушыларды топтастыру
1. зат есім
2. сан есім
3. сын есім
4. етістік
 Бағалау парақшаларын тарату
 Топ басшыларын сайлау
 Тілек айту
Достығы жарасқан, Бәріміз бір болсақ,
Сыйлы біз баламыз. Бәрін де жеңеміз.
Келісіп бәрімен, Күндей боп күлімдеп,
Татулық табамыз. Таудай боп өсеміз.
1. «Білу»
2. Үй тапсырмасын сұрау:
- Жауын - шашын. Жер асты суы. Құдық
- Тест тапсырмалары арқылы тексеру:
1. Судың 3 түрлі күйі:
ә) сұйық, қатты, бу;
2. Су өткізбейтін жер асты қабаты:
А) құм Ә) қиыршықтас Б) саз
3. Жауын - шашын түрі:
А) бұршақ Ә) тұман Б) бұлт
4. Жаңбыр бұлтына айналатын бұлт түрі:
А) шарбы бұлт Ә) будақ бұлт Б) қабат бұлт
5. Құдықтың тереңдігі:
Б) Су қабатының орналасуына байланысты
ІІІ. Жаңа материал:
2. «Түсіну»
1 - топ өзен
2 - топ көл
3 - топ тоған
4 - топ суды қорғау
Білгендерін парақшаға жазу
3. «Талдау»
А) Жұмбақтар шешу:
Келеді алыстан Ауыл сыртында сайда,
Ашулы арыстан. (Өзен)
Жатыр үлкен айна. (Көл)
Мәтінді оқушыларға оқыта отырып, мазмұнын ашу, толық түсінік беру.
Ә) Өзендер(
- Өзендердің негізгі бөліктері: жылға, бастау, сала, саға;
- Жазық жердегі өзендер;
- Таулы жердегі өзендер;
- Өзендердің шаруашылықтағы пайдасы.
Б) Көлдер және тоғандар
- Көлдердің көлеміне қарай түрлері;
- Көлдің анықтамасы;
- Көлдің тұщы және тұзды болуы, шаруашылықтағы пайдасы;
- Жасанды көлдер;
В) Қазақстанның физикалық картасы арқылы өзендер мен көлдерге саяхатқа шығу.
- Картада өзен, көлдер қандай түспен берілетіндігін еске түсіру.
- Теңіз және көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Жайсан көлі. Балқаш көлінің басқа көлдерден ерекшелігі.
- Өзендер: Жайық, Сырдария, Есіл, Ертіс, Іле.
4. «Қолдану»
1 - топ Өзен мен көлді салыстыру: айырмашылығы және ұқсастығы.
2 - топ «Су анасы - бұлақ» мәтелінің мағынасын аштыру
3 - топ Суды қорғау жолдарын айту
4 - топ Мақал - мәтелдер жинастыру
5. «Жинақтау»
«Сәйкестік» тестін алу
ІV. Сабақты қорытындылау:
«Екі жұлдыз бір тілек» Оқушылардың сабақтан алған әсерлерімен бөлісу, топ арасындағы белсенділерін анықтау
6. «Бағалау»
Топ басшылары өз табындағы балардың оқу үрдісіндегі әрекеті туралы айтып бағалауы
7. «Кері байланыс»
Оқушылар сабақтан қандай әсер алғандары туралы смайликтердің астынан жапсырады.
VІ. Үйге тапсырма: Өзендер. Көлдер және тоғандар. Суды қорғау әңгімелеу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама