Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Өзіңе ренжі

Бердіқұл деген кісі баласына өте қатал екен. Күндерден бір күні баласының тентектігіне шыдай алмай, ұрмақ болып қолындағы көсеуді лақтырып жіберіпті. Көсеу баласына дәл тиіп, баласының шекесін қанатып қойыпты.

Сонда Бердіқұл баласына жаны ашып:

— Әй, балам-ай, қаталдығымды білесің, мен көсеуді сілтей бергенде, бұғып қалмайсың ба? Соныда білмедің-ау, енді маған емес, өзіңе ренжі! — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама