- 25 ақп. 2020 00:00
- 227
Тісіме ет тиіп кетті
Бір қудың досы сараң екен. Үйіне қонаққа барса, сараң:
— Етін көп етіп ботқа пісіріп берем, — депті. Бірақ ботқаның еті тым аз екен. Қу ботқаны жеп отырып:
— Ойбай! — деп жағын ұстай алыпты. Сараң шошып кетіп:
— Е, не болды? — деп сұраса, қу қабағын шытып:
— Әшейін, тісіме бір түйір ет тиіп кетті, — деп ботқаны жемей қойыпты.