коллаж POLITICO.KZ
- 18 мам. 2026 14:02
- 26
«Пышақтап, кейін көміп тастаған»: сотта Сәрсемалиевтің әйелінің туыстарын қалай өлтіргені айтылды
Атырау облысында әйелінің төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды. Сот отырысында прокурор қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәрсемалиев пен оның бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева 2016 жылы Атырауда танысып, сол жылдың мамыр айында некеге тұрған. Бес балалы отбасында кейіннен келіспеушіліктер туындап, 2022 жылы ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Балалар анасымен бірге қалып, Ақбаян үш баласымен Атыраудағы Нұрсая шағынауданына көшіп барған.
Қылмыстың мән-жайы
Прокурордың айтуынша, Сәрсемалиев қылмыстың ізін жасыру үшін сарайдың ішіне шамамен 1,3 метр тереңдікте шұңқыр қазып, мәйіттерді сонда көмген. Кейін үстін линолеуммен жапқан.
Наурыз Мұқанғалиевті өлтіргеннен кейін, Сәрсемалиев түнде ауладан күрек алып, үйдің оңтүстік-батыс жағындағы қоршау маңынан тереңдігі бір метрден асатын, ені шамамен 80 сантиметр болатын шұңқыр қазған. Одан кейін марқұмның жеке куәлігін, банк картасын, Samsung A21 телефонын және 3 мың теңге ақшасын алып, мәйітті кілемге орап, қазылған шұңқырға көмген.
Шабуыл кезінде ет турайтын пышақ қолданылған. Тергеу мәліметтері бойынша, дәл осындай тәсілмен Насип Үтешқалиева да өлтірілген.
Тергеу барысында Сәрсемалиевтің 2023 жылдың басында бұрынғы отбасымен қайта татуласуға әрекет жасағаны да анықталды. Ол Атыраудан үй жалдап, бұрынғы жұбайы мен балаларымен бірге тұрған.