- 24 қаң. 2019 00:00
- 308
Қандай фильмдерді көп қарау керек?
19-20 ғасырдан бастап кино, фильм түсіру даму жолына түсті. Алғашында тек бір адамның дыбыстауымен әртүрлі жанрда фильмдер түсірілсе, уақыт өте адамның ақылына сыймайтын ғажайып оқиғаларды түсіретін туындыларды көзбен көріп жүрміз. Фильм өз ішінде комедия, трагедия, фантастика,трейлер және де тағы басқа жанрларға бөлінеді. Ол бір жеке әлем.
Ал бүгінгі біздің қарастырғалы отырған тақырыбымыз қандай фильмдерді қарау керек деген қызықты сұрақ.
Әр адам өзі қалаған фильмді көреді. Мысалы біреуді қорқыныш пен үрейге толы фильмдерді көру қызықтырса, ал басқаға көңілді көтеріп, жүзіне күлкі ұялататын әзілге толы фильм қараған ұнайды.
Қорқынышты фильм көру адам денесіндегі жұмысын тоқтатқан гармондарды оятады әрі арықтауға пайдасын тигізеді дегенді естігенім бар. Және де кейбір ғалымдардың айтуы бойынша қорқынышты фильм адам психологиясны әсер етіп, адамның мінезінде жауыздық пен қаталдықты тудыруы мүмкін екен. Яғни пайдасы да зияны да бар дегенді білдіреді. Өз басым қорқынышты фильмді қарау адамға аса бір қауіп әкеледі деп ойламаймын, керісінше адам өз бойындағы үрейді, жалпы айтқанда өне бойындағы фобиясын жеңуді қорқынышты фильм қарау арқылы үйренетін сияқты.
Ал комедиялық жанрдағы фильмдердің өз басым зияны бар деп ойламаймын. Күлкі өмірді ұзартады деген сөз бар. Демек комедиялық жанрда фильм көру нәтижесінде сіз өміріңізді ұзартасыз, әрі көңіл-күйіңізді көтеріп,уайым мен қайғыдан арылып, өзіңізді жақсы сезінесіз.
Бүгінгі таңда фантастикалық фильмдер өте көп. Аспанда ұшатын адам, тылсым күшке ие болып ғажайып әрекеттер жасайтын тіршілік иесі адам қиялынан туған дүние емес пе? Яғни, кез-келген фантастикалық фильмдер-адам қиялының жемісі. Фантастикалық фильм көрген адам өмірге басқаша көзқараспен қарауға тырысып, фильмдегі супер қаһармандардың іс-әрекетін қайталау үшін әртүрлі ғажайып технологияларды дүниеге әкелуі мүмкін.
Қорытынды. Қандай фильм көрсеңізде тек жақсы жағын алуға тырысыңыз. Әр көрген фильмнен жақсы әсер алып,сол фильмдегі кейіпкерлердің жақсы-жаманын айыра біліңіз. Әлемнің құпия мекендері мен сізді толғандыратын сұрақтарға жауап табуға септігін тигізетін фильмдерді көп көріңіз. Фильмді үлкен кино театрларға жаныңызға жақын жандармен бірге барып тамашалаңыз. Өзіңізге қатты ұнаған немесе бір ұмытылмас әсер сыйлаған туынды болса оны қайтадан көріңіз. Ең бастысы фильмдегі жақсы бір кейіпкерді тауып, өміріңізді сол кейіпкердің өміріндей қылып өзгертіңіз!