Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қайталау.
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Есептеу тәсілдерін қолдануға машықтандыру. Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін көрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету.

Дамытушылық: Екі амалмен шығарылатын есепті (артық не кем, қосындыны табу) шығаруды пысықтау. Құрылымы күрделі санды өрнектер мен әріпті өрнектермен әр алуан іс - әрекеттер орындауға машықтандыру. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым - қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқу материалын бекіту сабағы.

Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Қосу және азайту кестесі, геометриялық фигуралар, периметр табу кестесі.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру: 3 – тапсырма

Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
Ауызша және жазбаша есептеулер.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі
Жаңа сабақ.

1 - тапсырма Есептеудің ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Екі бағанын мұғалім басшылығымен орындау, қалғаны өзіндік жұмыс ретінде беру.

83+7 ---- 92 - 2 ---- 68+2 ---- 74 - 4 ---- 5+85 ---- 93 - 3
83+9 ---- 92 - 9 ---- 68+6 ---- 74 - 8 ---- 8+85 ---- 93 - 8
2 - тапсырма.»биік», «аласа» сөздері – «артық», «кем» сөздерінің баламасы екенін түсіндіру.

Әділет – 12 дм
Марлен -?, одан 1 дм ұзын
12+1=13 (дм) – Марлен
Ж: Марленнің бойы 13 дм.
Қайталау. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама