Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Қайталау операторы
Тақырыбы: Қайталау операторы (слайд)
Жаңа сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың оператор дегеніміз не екенін, оның нешеге бөлінетінін еске түсіру. Қайталау операторы туралы түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында орындалатын әрекеттер тізбегі ретінде оператор түсінігін беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды қайталау операторларын есепте пайдалануға үйрету. Оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі тапсырмалар арқылы дамыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды мәдениетке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру, практикамен байланыстыру.
Пәнаралық байланыс: математика
Қолданатын көрнекіліктер: Видеопроектр, компьютер құрылғылары, бағалау парағы.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс: Қайталау операторының анықтамасын, операторлардың жазылуын, берілген тапсырмалардың программасын құруды.
Сабақтың барысы:
• 1 - кезең. Берілген үй тапсырмасын №9(а) есепті компьютерден тексеру, «Бой сергіту» сұрақтары арқылы үй тапсырмасын бекіту.
• 2 - кезең. Жаңа тақырыпты оқушыларға презентациялық көрсетілім арқылы түсіндіріп өту. Қайталау операторлары туралы түсінік беру, оны программа барысында қолдануға үйрету.
• 3 - кезең. Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылардан тест сұрақтары бойынша жауап алу, тексеру.
• 4 - кезең. Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау. Үйге тапсырмасын беру.

1 - кезең. №9(а) есеп.
Program esep9;
Var x, y: real;
Begin
Write(‘x енгіз: ’);
Readln(x);
If (- 2<=x) and=""><=2) then="" y:="">
Else y:=4;
Writeln(‘y=’, y);
End.
«Бой сергіту» сұрақтары:
1. Паскаль тілін қай жылы және кім ұсынды?
2. Паскаль тілінде оператор дегеніміз не?
3. Паскаль тілінде программаның үш бөлімі.
4. Begin, End түйінді сөздерін не деп атаймыз?
5. Оператор қандай топтарға бөлінеді?
6. Паскаль тілінде шартты, шартсыз, цикл операторлары қандай операторлар деп аталады?
7. GoTo операторы қандай оператор?
8. Турбо Паскальдағы екі шартты операторды ата?
9. CASE қандай операторға жатады?
10. Программада есептің дұрыстығын тексеру үшін қанадай клавиашаны қолданамыз?
11. Программада есепке мән беру үшін қандай клавишаны қолданамыз?
12. If, Then, Else операторының аудармасы.
13. Программада есептің нәтижесін көру үшін қандай клавишаны қолданамыз?
14. Var бөлімін есепте не деп атаймыз?

2 - кезең. Жаңа сабақ мазмұны.

Цикл операторлары
while.. do repeat.. until for.. to.. do
While.. do операторы.
While (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше)
Do (оқылуы: ду, аударылуы: орындау)
Жазылу пішімі:
WHILE DO
- логикалық өрнек
- қайталанатын операторлар.
Орындалуы:
WHILE DO
BEGIN
;
;
…..
;
END.
For.. to.. do операторы.
FOR (оқылуы: фо, аударылуы: үшін)
To (оқылуы: ту, аударылуы: дейін)
Do (оқылуы: ду, аударылуы: орындау)
Жазылу пішімі:
For:= To Do
S1, S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы
мәндерін анықтайтын өрнектер.
For, to, do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер
- цикл тұлғасы.
Орындалуы:
FOR k:=1 TO 100 DO read(M[k]);
Repeat.. until операторы.
Repeat (оқылуы: рипит, аударылуы: қайталау)
Until (оқылуы: антил, аударылуы: дейін, шейін)

Жазылу пішімі:
Repeat Until
- логикалық өрнек
- қайталанатын операторлар.
Орындалуы:
REPEAT
;
;
…..
;
UNTIL
3 - кезең. Жаңа сабақты бекіту тест сұрақтары.
1. Цикл операторлары:
А) if, case, for Ә) for, while, repeat
Б) goto, if, case В) read, write
2. Цикл операторларының арифметикалық циклі.
А) for Ә) while Б) repeat В) case
3. WHILE операторының қызметі.
А) шартты соңынан тексереді Ә) дұрыс жауап жоқ
Б) шартты алдын - ала тексереді В) шартты тексермейді
4. FOR операторын басқаша қалай атайды?
А) параметрлі Ә) тұрақты Б) өзгермелі В) дұрыс жауап жоқ
5. Қайталау операторлары қай оператор түріне жатады?
А) қарапайым Ә) құрама Б) жай В) дұрыс жауап жоқ

6. Турбо Паскальда қайталау операторларын басқаша қалай атайды?
А) таңдау Ә) шартты Б) цикл В) дұрыс жауап жоқ
7. Қайталау саны алдын - ала белгілі болған кезде қандай операторды қолданамыз?
А) while Ә) repeat Б) for В) case
8. Цикл операторларында қайталанатын бөлігін не деп атайды?
А) циклдің денесі Ә) циклдің басы
Б) циклдің соңы В) дұрыс жауап жоқ

4 - кезең. Бағалау. Үй тапсырмасын беру.
Бағалау парағы.
Оқушының аты - жөні Үйге тапсырма Бекіту тест сұрақтары
Бағасы
№9 (а) есеп Сұрақ
15 - 14 – «5»
13 - 11 – «4»
10 - 7 – «3»
3. 7 тақырып. Қайталау операторы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама