Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ елі  - Мәңгілік ел

Қазақ елі - Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдар уақыт арнасымен сан қилы дәуірді бастан өткерген халқымыздың өткені мен бүгінгі хал-күйінен хабар беретіндей. Отанға деген шынайы махаббат, бүгінгі ұрпақ алдындағы ата-бабаларымыздың аңсаған еркіндігі Ұлы Жеңіске жеткізді. Қазақ елі қазақ хандығын құрудан басталған қасиетті борыш «Мәңгілік Ел» идеясына негіз болып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жол ашатын басты жоба болды. Қазақ елінің тамыры тереңге жайылған ел тарихынан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қаншама қиын қыстауларды, ашаршылық пен соғыс (әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен 1941-1945жж Ұлы Отан соғысы, 1979-1989 жж арасындағы Ауған соғысы мен қатар кешегі 1986 ж 16 желтоқсанның қанды оқиғасы) елден жыраққа кетіп тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне қаймықпастан кешегі өткен батыр аға-апаларымыз болмаса бүгінгі күнгі Тәуелсіздік жолына аман-есен жетерме едік? Болашақ ұрпақ үшін жанын аямай, өз өмірін қазақ елі үшін қасық қаны қалғанша күресіп бізге аңсаған еркіндікті алып берді. Міне, осының өзі - Мәңгілік елдің шаңырағы болып табылды.

Тәуелсіздік алып, ел болып есімізді жинаған күннен бастап, қазақтың қамын жейтін перзенті – Нұрсұлтан Әбішұлы елдің жоғын жоқтап, асылын ардақтап келеді. Бүкіл әлем қызыға қарайтын еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық – Елбасымыздың сындарлы саясаткерлігінің жемісі. 1991 жылы Қазақ елі Тәуелсіздігін әлемге паш етіп, мойындатты. Бұл күн бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам (ақ түйенің қарны жарылған күн) да болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Айдың он бес күні қараңғы болса он бесі жарық деген деп, қазақ елі барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкіршілігін айтты... Жеріміздің кеңдігіндей   көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Осы пейіліміздің кеңдігінің арқасында қазақ  жерінде көптеген көп ұлтты халықтар мекендейді. Мәселен: Жүз отызға жуық ұлттар өзбек, қырғыз, орыс, тәжік, түрік, әзербайжан т.б ұлт өкілдері мен он сегіз конфессиялық топ өкілдерінің береке-бірлігі жарасып, ынтымақтастықта өмір сүріп жатуы - еліміздің ұстанып отырған бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы ұтымды саясаты мен жүзеге асырып отырған ауқымды әрекеттерінің көрінісі. Сонымен қатар елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың нұсқауымен шет мемлекеттердегі қандас бауырларымызды шақыртып, жағдай жаратқандығы осыған дәйек. Бұл да бір Мәңгілік елдің айғағы. Бүгінгі қазақ елінің басты мақсаты - әлеуеті жоғары, экономикасы мығым, бірлігі жарасқан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған 50 елдің қатарынан көрінуі. Осы ретте, Қазақстан Республиасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» бастамасы ұлы мақсаттарға жетелейтін игі қадам болары анық. Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік - бабалар арманы. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздыққа жол бермеу қажет.

Ал, ол үшін халыққа біртұтас идея, алға жетелейтін бағыт-бағдар, мақсат-мұрат керек.
1. Қазақстан мен Астананның тәуелсіздігі
2. Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім
3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық
4. Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім
5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
6.Т арихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандақ ат салысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

Мәңгілік ел болу бабаларыңның бабалары армандаған, аңсаған асыл мұратты балаларының балалары ардақ тұтатындай мемлекет орнату дегенді, енді ешқашан бөгденің бодандығына түспейтін, халықтығын, ұлттығын, елдігін, мемлекеттілігін әрқашан әспеттейтін, үлгілі үрдістерін мақтан етіп, бар заманда да ұлы мен қызының бағы басында тұратын, барша халқының бақыты баянды болатын ел құру болды дейді елбасымыз. Ендеше біз қазақ елі тәуелсіздікпен бірге Мәңгілік елдің Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Мәңгілік Ел - болашақтың жобасы, сондықтан ол ұрпақтар сабақтастығы мен жалғасатыны мәлім. Ұлы Дала елінің ғаламат тарихы мен қайталанбас құндылықтары туралы салиқалы ойлар айтып, ұрпаққа ұлағат болатындай игі істер атқару - бүгінгі ұрпаққа міндет, келешек ұрпаққа - аманат. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік ел! Көз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз!

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Елбасы жолдауы «Егемен Қазақстан» газеті 2016 ж қараша айындағы саны
2. Елбасы жолдауы - 2016ж
3. Ғаламтордан алынған материалдар

Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылы
«Бөкейхан» атындағы жалпы орта мектебінің
математика және информатика пәнінің мұғалімі
Аккулиев Иляс Даутович


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама