Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ жерінде мылтық Алтын орда дәуірінде пайда болды

Қазіргі Қазақстанның аумағында атыс қаруы Алтын орда дәуірінде пайда болған. Бұл туралы ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Алтын орда: Тарих және мәдени мұра» ғылыми материалдар жинағының тұсаукесерінде белгілі болды.

«Алтын орда дәуірінде Қазақстанның аумағында атыс қаруы пайда болғанын бірі білсе, бірі білмес. Біз оны кейінірек пайда болды деп ойладық, ал негізінде әскери-тарихи мұражайдағы жәдігерлер сол уақыттың қазыналы әскери-материалдық мәдениеті туралы сыр шертеді», - деді жинақтың жауапты редакторы, тарих ғылымдарының докторы Айболат Күшкімбаев. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жинақта жалпы тарих бойынша жұмыстардан басқа әскери тарих та ұсынылған. Кітапта ХІІІ ғасырдан бастап ХV ғасыр аралығындағы Алтын орданың әскери тарихы бойынша материалдар, зерттеулер бар. Алтын орда дәуіріндегі қару-жарақ мәселелері, тактика, стратегия, дәуірдің кейбір әскери-саяси оқиғалары қаралады.

«Моңғол империясының тұсында 15-ші жүз жылдыққа дейінгі болашақ Алтын орда қалыптасты. Көршілерін жаулап алу қарудың күшінің арқасында болды. Жаулап алудың феномені әскери істе болған төңкеріспен байланысты. Біз үшін Алтын орда дәуірінде әскери істің дамуы аса қызығушылық туғызуда. Ол Шыңғысхан дәуіріндегі әскери өнердің ізбасары және көшпелі халықтың әскери ісінің барынша дамыған кезеңі. 13-15 ғасыр біз үшін қантөгісті, шешуші болды. Және де әскери өнерді зерделеу, әскери істі, қару-жарақты дамыту жағынан қызығушылық туғызды», - деп атап өтті Айболат Күшкімбаев.

Алтын ордалық әскери-саяси күш елеулі геосаяси фактор болғанын және халықаралық өмірде басты рөлге ие болғанын айта кеткен жөн.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама