Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Қазіргі білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.
Мақсат - оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой - өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан - жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми - зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділігі артады;
- шығармашылық жұмыстар арқылы ойын дамытады;
- өздігінен іздене алады, ғылыми зерттеу жұмыспен айналысуға көмектеседі;
- өзіне деген сенімділігі қалыптасады;
- жалпы алғанда оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейі артады.
Өз жұмысымда мен жаңа технологияларының элементтерін пайдаланып жүрмін. Соның ішінде АКТ пайдалану, СТО технологиясы, ҚБТ технологиясы, БжС технологиясы, жобалау, деңгейлеп оқыту, десаулықты сақтау технологиясы.
АКТ пайдалануда көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультемедиялық презентациялар, видео, электронды оқулықтар, Интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер т. б. Олар сабақты түрлендіреді және қызықты етеді, балаларды да әр түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді. Презентация жасау материалдарды тандап алуда, презентацияның құрамын ойластыруда, оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындық қажет етеді.
Ақпараттық компьютерлік технологиялар қолдану арқылы сабақтарда біз оқушылардың оқу дағдыларын дамытамыз. Интернетте алған материалдарды пайдаланамыз, жазбаша біліктіліктерін арттырамыз, сөз қорларын кеңейтеміз және шәкірттерміздің шығармашылығын арттырамыз.
ҚБТ технологиясы:
Бұл технология арқылы оқушыларды алған білімдерін алған білімдері мен өмірлік тәжірибелерін кез - келген оқу және өмірлік жағдайларда шығармашылықпен қолдана білуге, өзіндік даму мен басқаруға дайын болуды үйретеді.
5сыныпта Б. Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» шығармасын оқып, фильмнің үзіндісін көріп оқушыларға мынадай сұрақтар берілді:
1. 15 минут ішінде киініп, жуынып, мектепке жету мүмкін бе?
2. Сен мектепке дайындалуға неше уақыт жұмсайсың?
3. Сабақта отырғанда сенің арманың қандай еді?
4. Сен Қожаның орнында болсаң, анаңа қандай көмек берер едің?
Немесе қазақ тілінен 8сыныпта «Қазақстанның ірі қалалары» тарауы бойынша мынадай сұрақтар берілді.
Астана қаласына көшу үшін кімді көндіру керексің? Неге?
Сен Астана қаласына көшіп бардың. Астанада қандай бизнес бастар едің?
8 сыныпта «Отбасы» тақырыбы бойынша қойылатын сұрақтар:
Сен өз отбасың болғанда қандай дәстүрлерді ұстайсың? Өзің қандай дәстүр енгізер едің? «Қыз бала қонақ» дейді қазақ. Неге? Қызыңды қалай тәрбиелер едің?
Деңгейлеп оқыту технологиясы: көбінесе Бенжамин Блум технологиясы негізінде беріледі.
Мысалы, 8 сыныпта берілген мәтін бойынша бірнеше деңгейлік тапсырмалар беріледі:
Мәтінді түсініп оқы. Түсінгеніңді айтып бер. Мәтінге ат қой. Мәтінді қалай аяқтар едің? Жасаған үйшіктің пайдасы қандай? Баланың ісіне баға бер. Өзің ұсынатын үйшіктің суретін сал.
2 сыныпта берілген суреттер бойынша бірнеше тапсырма беріледі.
СТО технологиясы: Курстан өткендіктен сто элементтерін тиімді пайдаланып отырамын.
Төрт жолды өлең құру.
Кластер құру.
Әдеби кеш.
Аквариум.
Ти кестесі және т. б.
Келесі, «Табиғат. Табиғатты қорғау» тақырыбына суреттерді таңдап алып, осы суреттерді және өздері білетін мәліметтер мен интернет материалдарын қатыстырып, әңгіме құрыңдар.
Денсаулықты сақтау технологиясы: презентация арқылы сергіту сәті өткізу, сондай - ақ компьютермен 20 минут жұмыс жасау.
БжС Биоақпаратану және синергетика технологиясы:
Өз тәжірибемде осы технологиясының бірнеше әдістерін пайдаланамын.
Қыркүйекте келгенде мен қызыға ООМ(оқушыларды отырғызу матрицасын) қолдана бастадым. (Түсіндіру) Бірақ содан кейін матрицаны қолданбаймын, менің ойымша, оқушы тұлға ретінде қалыптаспайды, номір не А1, Б3 болып, адамилығын жояды.
Келесі шапалақ ұру әдісін қолданамын. Бұл әдіс арқылы оқушылармен жұмыс бастар алдында 1, 2 немесе 3 шапалақ ұрып, зейіндерін жинап, уақытқа тапсырма орындалады.
Мысалы: 2 сыныпта 30 секунд ішінде суреттерді жаттап алып, есте сақтау. Содан кейін екі шапалақ ұрып, жаза бастау. Сыни тұрғысынан сұрақ қойылады: не артық? неге?
5сынапта Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін оқыған кезде мен «Ауызша сабақ - 1» элементін қолдандым.
Технология бойынша бала 7, 14, 21сөзді меңгере алады.
Есте сақтау уақыт нормативі:
7 сөз - 30сек.
14 сөз – 1мин.
21 сөз – 2мин. 30сек.
Мәтінді оқымастан тірек сөздер беріледі, оның мағынасы түсіндіріледі, кейін мәтінмен жұмыс жүргізілді. Оқып болғаннан кейін тақтада жазылған 14 сөзді 1минут жаттатып, жаздырдым және санадық: 12 - 14 сөз жазған оқушының ООМ + қойылады.
Материалды қаншалықты игергенін анықтау үшін «Қарама қарсы сұрақ» қою әдісін пайдаландым. Бұл әдіс арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану оқу үдерісін жетілдіріп, тиімділігін арттырады және сабақтарды қызықты өткізуге көмектеседі.
Назарларыңызға рахмет!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.