Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
5 - сынып
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Топтамадағы сабақ тақырыптары
1. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы
2. Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер
3. Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер
4. Қосарлану және тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер
5. Қазақ тілі пәнінен орта мерзімді жоспары


Тақырыбы Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы
Мақсаты Сөзжасам туралы түсінік қалыптасып, сөздердің лексикалық тәсілдер арқылы жасалуын меңгеріп, талдайды, білімін сөздерді талдауда қолданады.
Күтілетін нәтиже 1. Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуын меңгереді.
2. Талқылайды, білім қалыптастырады.
3. Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсілдер арқылы жасалуы туралы постер қорғайды.
Қажетті құралдар моноблок, проектор, постер, маркер.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Қазақ тіл білімінің негізгі салалары: лексика, фонетика, морфология, синтаксистің ережелері жазылған қима қағаздарды таратып беріп, олардың тіл білімінің қай саласының ережесі екенін айттыру арқылы топтастырады. Топ аттары жазылған көрсеткіштерді топтардың үстелдеріне қояды.
Миға шабуыл: жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушылардың теориялық білімін тексереді:

1. Сөздер қалай жасалады?
2. Жаңа сөз жасаудың қандай қажеттілігі бар?
«Оқу және талдау» әдісі:
1 - топқа: Сөзжасам ережелері жазылған қима қағаз.
2 - топқа: Сөзжасамның тәсілдері жазылған қима қағаз.
3 - топқа: Сөзжасамның маңызы.
4 - топқа: Лексикалық жолмен жасалған жаңа сөздер туралы қима қағаз.

Сөзжасам. Сөздердің лексикалық жолмен жасалуы туралы постер қорғату.
356 - жаттығудан үзінділерді таратып беріп, жұптық жұмыс жүргізеді.
1. 363, 364 – жаттығуларды орындап келуді тапсырады.
2. Сөзжасамды зерттеген қазақтың тілші ғалымдары туралы ақпарат жинақтау. Олардың еңбектерінің маңызы туралы ой қорытуды тапсырады.
Формативті бағалау және жиынтық бағалау
Кері байланыс: «Рюкзак» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушыларға төмендегі ойлар жазылған қима қағаздар таратылып беріледі:
• Мен үйрендім
• Мен мына нәрсені түсіндім
• Мен есте сақтап қалдым

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама