Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Қазақстан аспанындағы жұмбақ ұшақ: кімдікі екені белгілі болды

Қазақстанның үстінен ұшып өткен жұмбақ әуе кемесінің кімге тиесілі екені белгілі болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Бұған дейін ресейлік БАҚ пен Telegram-арналар АҚШ-тан ұшып шыққан «анықталмаған» ұшақ туралы жарыса жазған болатын. Кейбір басылымдар оны АҚШ Әуе күштеріне тиесілі ұшақ деп болжап, тіпті бортта «ерекше» әскери жүк болуы мүмкін деген де сараптамалар жасаған еді.

Алайда, gazeta.uz мәліметінше, бұл ұшақ Өзбекстан президентінің жеке ұшағы болып шықты. Ол Бейбітшілік кеңесінің саммитінен елге қайтып бара жатқан.

Ұшақтың бағыты

Мәліметтерге сүйенсек, аталған ұшақ Вашингтон маңындағы «Эндрюс» әуе базасынан жергілікті уақытпен 14:12-де көтеріліп, Канада, Гренландия, Еуропа, Ресей аумақтарын басып өтіп, Қазақстанның әуе кеңістігіне кірген. Содан кейін Ташкентке аман-есен жеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін ТАСС ресейліктердің «белгісіз» АҚШ ұшағы туралы хабарлағаны жайлы жазған болатын.

Жаңалықтар

Жарнама