Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстан ауылдарының оқушыларына ағылшын тілі үйретіледі

Шетелдіктер Қазақстанның ауыл мектептерінің оқушыларына ағылшын тілін үйрететін болады. Бұл жөнінде ОКҚ-да «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев мәлім етті.

«Елбасы ағылшын тілін тереңдетіп оқу жалпыәлемдік трендке айналғанын ерекше атап кетті. Біздің жоба бойынша әріптесіміз «Болашақпен» бірігіп жасап жатқан жұмысымыз білімді, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге бағытталған. Сондықтан «Жастар-Отанға» жастар саяси лагері аясында «English for Jastar» жобасын іске қостық», - деді Данияр Сүндетбаев.

«Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінен деңгейін көтеріп, коммуникациялық дағдыларын жақсарту.

«Жоба 84 ауылдың 7000 оқушысына арналған. Қазіргі уақытта жоба міндеттерін жүзеге асыру үшін ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген отандық 141 маман тартылды», - деді Д. Кәрібек.

«Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінованың айтуынша, ағылшын тілінде сөлейтін 28 адам мен қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бар 140-тан астам отандық мамандар 2018 жылғы қараша айынан бастап 9-11 сынып оқушыларына тіл үйретуге аттанады.

Сабақтар тек балалардың қолы бос кезінде оқытылып, негізгі оқу процесіне кедергі келтірмейді.

Жобаға академиялық тұрғыдан «Interpress» тіл орталығы қолдау көрсетті. Оқушылар орталыққа тиесілі Oxford University Press (Англия) баспасының «Solutions» атты оқулықтарымен білім алатын болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама