
- 05 нау. 2025 09:20
- 44
Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бұрынғы басшылары, оның ішінде экс-президент Әділет Барменқұлов пен басқа да лауазымды тұлғалар тергеуге алынуда. Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) ресми түрде растады.
"БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға жауап ретінде ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастағанын растайды," – делінген агенттік таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда тергеу амалдары мен тінту шаралары жүргізілуде. ҚФФ-ның экс-басшыларына қандай айып тағылғаны және тергеудің нақты қандай іс бойынша жүргізіліп жатқаны әзірге белгісіз.
Бұл оқиға Қазақстан футбол федерациясындағы қаржылық және басқарушылық мәселелерге қатысты сұрақтарды қайта күн тәртібіне шығарды. Соңғы жылдары елдегі футбол саласына бөлінетін қаржы мен оның жұмсалу тиімділігі жиі сынға ұшырап келеді.
Тергеу барысы туралы қосымша ақпарат жақын күндері белгілі болуы мүмкін.
-
21 ақпан күні, Жаңаөзен қаласында Бозжырада туристік нысандар салу бойынша алдын ала қоғамдық тыңдау өтті.