Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Трамп: Зеленский бейбіт келіссөзге дайын екенін білдірді

АҚШ экс-президенті Дональд Трамп Конгресте сөйлеген сөзінде Украина мәселесіне тоқталып, Владимир Зеленскийден хат алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина президенті Киевтің бейбіт келіссөздерге отыруға әзір екенін жеткізген.

Трамп өз сөзінде Украинадағы қақтығыстың ауыр зардаптарын атап өтті. Ол миллиондаған адамның қаза тапқанын немесе жарақат алғанын айтып, бұл қантөгісті тоқтату үшін бар күшін салып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ АҚШ Украина қорғанысына жүздеген миллиард доллар бөлгенін еске салды. Алайда оның пікірінше, Еуропа елдері Украинаға көмектесудің орнына, Ресейдің мұнайы мен газына тәуелділігін арттырып отыр.


Трамп Зеленскийден алған хатында Украина басшысының бейбітшілікке ұмтылатынын жазғанын айтты. Ол Киевтің келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдіріп, сонымен қатар АҚШ-тың қолдауы үшін алғысын жеткізген. Бұдан бөлек, Украина сирек минералдар жөніндегі келісімге қол қоюға әзір екенін атап өткен.

Трамп өз сөзінде Ресей тарапы да бейбітшілікке мүдделі екенін атап өтті. Ол қақтығысты тоқтату үшін барлық мүдделі тараптармен жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама