Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 минут бұрын)
Қазақстан Президенті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапарды елдегі киелі орындардың бірі, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етуден бастады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы кесенеде ұлы ойшыл, рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауи мен онда жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.

Айта кетейік, бұған дейін Президент 19 наурызда Алматыға жұмыс сапарымен барып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетімен танысқан болатын.

Жаңалықтар

Жарнама