Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 26 минут бұрын)
Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді

Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық басылымын дайындау жөніндегі редакция алқасының кезекті отырысы Алматыда өтті. Жиынды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин басқарды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның Кеңестік кезеңдегі тарихы

Отырыста Қазақстанның Кеңестік кезеңін қамтитын алтыншы томның қолжазбасы талқыланды. Автор ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазыра Балтабаева алдыңғы отырыста редакция алқасы мүшелерінен түскен ұсыныстар ескеріліп, жаңартылған алтыншы томның мазмұнын таныстырды.

Қосымша редакциялау барысында 120-дан астам ескерту мен ұсыныс есепке алынған. Күлғазыра Балтабаеваның айтуынша, алтыншы том жалпы 7 бөлімнен, 19 тараудан және 126 параграфтан тұрады. Автор ұжымына 70-тен астам ғалым мен зерттеуші қатысқан.

Редакция алқасының пікірлері

Редакция алқасы отырысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, әлеуметтік ғылымдар докторы, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Садвоқасова, саясат ғылымдарының кандидаты, «Альтернатива» актуальды зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев сынды ғалымдардың рецензиялары тыңдалды.

Сондай-ақ, редакция алқасының мүшелері Мамбет Қойгелдиев, Кенжехан Матыжанов, Діхан Қамзабекұлы, Нұрсан Әлімбай, Еркін Әбіл, Ханкелді Әбжанов өз ойларын ортаға салды.

Алтыншы том бекітілді

Отырыс қорытындысы бойынша, редакция алқасы жалпы дауыспен алтыншы томды баспаға дайындау туралы шешім қабылдады.

Келесі отырыста алқа мүшелері «Қазақстан тарихы: Ежелгі заманнан бүгінге дейін» атты еңбектің соңғы, жетінші томын қарайды. Бұл том Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне арналған.

Жаңалықтар

Жарнама