Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақстандағы жастардың жұмыссыздық мәселесін қалай шешуге болады?

Жыл сайын Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі жастар арасында өзекті проблемаға айналып жатқаны сөзсіз рас.Жұмыссыздық деңгейі кедейшілік деңгейін арттырып қана қоймай,сонымен қатар психологиялық соққы болып тиіп жататынын да ашық айтсақ болады.Ал жұмыссыздық деңгейін төмендету,мемлекетпен алдағы жылдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдары жасалып,соған қол жеткізу мақсатында тиімді шараларды әрі қарай жүзеге асыру деп білемін.Еліміздің еңбек нарығында, атап айтқанда жаңа жұмыс орындарын құру, жастарды жұмыспен қамту, жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және жетілдіруде шағын және орта бизнес пен іскерлік белсендікті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастырудың маңызы зор.Өзіміз айта жүргендей,еліміздің  болашағы жастардың қолында, ал жастар білімінің сапасы ұстаздардың қолында. Сондықтан еңбек нарығының сұранысы мен талаптарына сай мамандар дайындау, олардың біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту сияқты мәселелер мемлекетіміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі. Менің ойымша,бұл тұрғыда жастарды айыптау емес,жұмысқа деген құлшынысы мүлдем жоқ деп айтуға да келмейді.Мәселе,жұмыс жaсaу тәжірибенің аздығы, жалақының төмен болуы, тұрғылықты орналасатын жерлері болмауы мен қатар бәсекелестіктің төмен болуынан зардап шегуде.Жоғарыда айтылған себептерден бөлек,сарапшылар тағы да бірқатар мәселелерді атап өтті:жастардың іскерлік қарым-қатынас орната алмауы,таныстықтың жоқтығы,еңбек нарығы мен жұмыс іздеу әдістері туралы ақпараттың аздығы.

Ал, мемлекет азаматтардың жұмыспен нəтижелі əрі еркін таңдау арқылы қалыптасуына жəрдемдесу саясатының жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осыған орай, мемлекет жұмыссыздықтағы əлеуметтік қорғаудың мынадай түрлерін атап көрсетеді:

 • жұмысқа орналасуға жəрдемдесу;

 • жұмыссыздар үшін кəсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау жəне қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

 • қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздар еңбегіне ақы төлеу;

 • табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға атаулы əлеуметтік көмек көрсету;

 • Қазақстан республикасында жұмыссыздыққа қарсы əлеуметтік саясатты жетілдіру үшін 2011– 2020 жылдарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасы қабылданды;

 • бұл бағдарламаның негізгі бағыттары экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады;

 • жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі жөніндегі шаралар жүргізу;

 • халықты əлеуметтік   қолдауға   мұқтаж    нысаналы   топтардың   жұмыспен   қамтылуын ұйымдастыру;

 • қосымша жұмыс орындарын құратын шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау мен дамыту;

 • жұмыспен қамтудың өңірлік мəселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлі жөніндегі шаралар қабылдау;

 • білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жəрдемдесу жəне т.б.

Касимбек Жанель


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама