Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстандықтар Бүкілресейлік бағдарламалау олимпиадасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық мектеп оқушылары бағдарламалаудан өткен 17-ші Бүкілресейлік командалар олимпиадасының жеңімпазы атанды.

Алматы + Астана, КТЛ #1» (Асқат Жалғасов, Мәдибек Нұрбақыт, Санжар Бидайбек) командасы бірінші орынды жеңіп алды. Қазақстандық өрендер олимпиадада өздеріне берілген 11 сауалдың 9-на дұрыс жауап берді. Екінші орынды «Интеллектуал + СУНЦ МГУ: Вова спит дома» (Москва) командасы, үшінші орынды «Школа программистов #1» (Мытищи) командасы жеңіп алды.

«Барлығы шараға 200-ден астам команда қатысты. Мен балаларды құттықтаймын. Бұл олардың әлеуеттерінің қаншалықты зор екендігінің айқын көрінісі. Мемлекет пен бизнестің ендігі міндеті осы әлеуетті одан әрі жетілдіру»,-деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амрин Facebook-тағы парақшасында.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама