Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 42 минут бұрын)
Қазақстандық боксшы қызы Бразилиядағы Әлем кубогының алтынына таласады

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының жартылай финалында жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл туралы Tengri Sport Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнирдің алтыншы күнінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кездесуде қазақстандық спортшы Польша өкілі Анета Элзивета Рыгельскамен жұдырықтасты. Тартысты жекпе-жек қазақстандық боксшының басымдығымен аяқталды. Төрешілер бірауыздан Графееваның жеңісін қолдады.

Бұған дейін Виктория Графеева канадалық Мари Аль Ахмадиеден де басым түскен болатын. Ол кездесуде есеп 5:0 болды.

Айта кетейік, бокстан Әлем кубогының бірінші кезеңі 26 сәуірде мәресіне жетеді. Қазақстан бұл турнирге 16 спортшыны жіберген.

Жаңалықтар

Жарнама