Photo: Pir Sümeyra (https://www.pexels.com/@pirsumeyra) / Pexels
- 26 сәу. 2026 03:00
- 27
«Ұрықтарымды сақтап қойдым»: Танымал блогердің мәлімдемесі көпті таңғалдырды
Танымал блогер Бота жақында өзінің жас кезінде ұрықтарын қатырып қою жоспары туралы айтып, көпшілікті таңғалдырды. Оның бұл шешімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ботаның айтуынша, егер ол 1-2 жылда тұрмысқа шықпаса, ұрықтарын қатырып қоюды жөн көреді. Себебі, әйел ағзасы жасармайды, ал жас кезінде алынған ұрықтар сапалырақ болады деп есептейді. Блогер бұл әрекетін кейіннен, 40 жаста балалы болғысы келген жағдайда, дайын тұратын мүмкіндік ретінде қарастырады.
Желідегі пікірлер екіге жарылды. Кейбір қолданушылар блогердің бұл әрекетін қолдап, дұрыс шешім деп тапса, енді бірі мұны жариялаудың қажеті жоқтығын айтып, сынға алды. Кейбір оқырмандар бұл әдістің тек әйелдерге арналғанын атап өтті.