Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 55 минут бұрын)
Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте тарихи жетістіктен кейін жоғарылады

Қазақстанның ерлер құрамасы үстел теннисінен өткен әлем чемпионатындағы тарихи жетістігінен кейін халықаралық рейтингте 7 сатыға жоғарылады. Бұл туралы Қазақстан үстел теннисі федерациясы хабарлады.

Халықаралық федерация жариялаған жаңа рейтингте Қытай құрамасы көш бастап тұр. Ал Қазақстанның ерлер командасы 25-ші орыннан 17-ші орынға көтерілсе, әйелдер командасы 37-ден 31-ші орынға жайғасты.

Бұл жетістікке жетуге командалық әлем чемпионатындағы сәтті өнер көрсету себеп болды. Екі команда да турнирдің плей-офф кезеңіне шыға алды. Ерлер құрамасы 1/16 финалда испаниялықтарды жеңіп, әлемдік додадағы өз рекордын жаңартты. Нәтижесінде, ерлер командасы турнирде 9-шы, ал әйелдер командасы 17-ші орынды иеленді. Бұл екі команда үшін де тарихтағы ең үздік көрсеткіш болып саналады.

Қазақстандық пинг-понг жұлдызы

Қазақстан құрамасының басты жұлдызы – 29 жастағы Кирилл Герасименко. Ол 2024 жылы қатарынан үшінші Олимпиада ойындарына қатысып, 1/8 финалға дейін жетіп, ел рекордын орнатты. Кирилл Германияда тұрып, SV Werder Bremen клубында өнер көрсетеді.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина рейтингте Беларусь елінің спортшысы Арина Соболенкоға жақындаған болатын. Ал Қазақстанның футбол құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады.

Жаңалықтар

Жарнама