Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 10 ақп. 2026 21:30
- 22
Қазақстандықтарды Қарақат Әбілдинаның тойдағы мінез-құлқы неге ашуландырды?
Танымал әнші Қарақат Әбілдинаның тойдағы қонақтарды қарсы алу сәтіндегі мінез-құлқы жұртшылықтың назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыға себеп болды. Көпшілік әншінің әрекетін сынай сөйледі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тойдағы жағдай
Әнші Қыдырәлі Болмановтың жары Қарақат Әбілдина тойда әнші Макпал Жүнісовамен бірге отырған. Осы кезде әнші Төреғали Төреәлі мен жұбайы Толкын келіп сәлемдесуге ұмтылған. Қыдырәлі Болманов пен Макпал Жүнісова орнынан тұрып, қонақтарды құшақтап қарсы алды. Алайда, Қарақат Әбілдина орнынан тұрмай, тек беттерінен сүйіп амандасты.
Желідегі пікірлер
Бұл эпизод желіде қызу пікірталас тудырды. Көптеген оқырмандар Макпал Жүнісованың қонақтарға деген құрметі мен сыпайылығын жоғары бағалап, Қарақат Әбілдинаның мінез-құлқын тәкаппарлық деп атады. Желі қолданушылары:
«Макпал апай сияқты болу үшін Қарақат қайта туылуы керек», «Қарақат Макпалдан көп нәрсені үйренуі тиіс», «Макпал апай тұрып амандасып жатыр, міне, тәрбие деген осы», «Талантты көрсеткеннен гөрі, мәдениетті көрсету керек», «Өзінше отыр, тіпті күйеуі де тұрды», «Макпал – қарапайымдылық пен ақылдылықтың үлгісі», «Қарақат бәрінен биік сияқты отыр», «Ұлы болсаң, кішірей», «Қарақат өркөкіректік танытуда» деп жазды.
Салтанатты шарадан алынған видео әлеуметтік желілерде тез таралып, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті туралы жаңа пікірталасқа арқау болды.