Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 53 минут бұрын)
Қазақстанға қар мен аяз қайта оралады

Қазақстан аумағы арқылы циклонның ойысы өтіп, ауа райының тұрақсыздығын тудырады. Метеорологтардың болжамы бойынша, еліміздің көптеген өңірлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Ал солтүстік аймақтарда жаңбыр мен мольшті қар түседі. Кейбір аудандарда бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

Түнде және таңертең еліміз бойынша тұман түсуі ықтимал.

Температура күрт төмендейді

Сәуірдің 26-сында батыс және солтүстік-батыс, ал 27-сі күні солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз температура төмендеп, солтүстікте +10...+15, орталықта +10...+18, шығыста +7...+20, оңтүстікте +15...+25 градус жылы болады. Батыс Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп +7...+15 градустан +15...+20 градусқа дейін көтеріледі.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңалықтар

Жарнама