- 07 қыр. 2017 00:00
- 276
Қазақстанның жас геологтары Франциядағы олимпиададан жүлдемен оралды
Қазақстанның жас геологтар командасы Франциядағы Ницца қаласында өткен IESO- 2017 Жер туралы ғылымдардың Халықаралық олимпиадасына қатысты, деп хабарлайды ҚР ИДМ сайты.
Жер туралы ғылымдардың Халықаралық олимпиадасы (IESO - International Earth Science Olympiad) - геология, метеорология, геофизика, мұхиттану және астрономия пәндерінен орта мектеп оқушылары арасында өткізілетін жыл сайынғы жарыс.
Осы жылы оған 130-дан астам жасөспірім асты.
Өскемен қаласы ОМФИМЛ (Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей - ред.) 11-сыныбының оқушысы Глеб Смирнов жеке есепте қола жеңімпаз атанды. Оған жүлде екі жазбаша тест пен 4 практикалық тестінің жиынтық балы бойынша берілді.
Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Қалымова және 12-сынып оқушысы Мөлдір Шыңғыс ESP (Earth Science Project) Жер туралы ғылымдар жобасы бойынша командалық жарыста күміс жүлдені иеленді.
Earth Science Project (Жер туралы ғылымдар бойынша жоба) - бұл халықаралық командалық жарыс. Бұл жарыс қоршаған ортаны қорғау, жаһандық жылыну проблемасы, басқа планеталарды колониялау проблемалары тәрізді маңызды тақырыптар бойынша жүргізілді. Жарысты Жапония, АҚШ, Аустралия университеттерінің атақты профессорларынан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады.
Ұлттық киіммен билеген оқушыларымыз көрермендерге жақсы әсер сыйлады. Олимпиада қатысушылары мен қонақтарына біздің қонақжай еліміз туралы бейнеролик көрсетілді.
Қазақстан командасының барлық қатысушылары Астана қ. «Жас геолог» үйірмесінің және Өскемен қ. үйірмесінің мүшелері. Қазақстандық команданың барлық шығындарын (командалық жарнаны, форманы және жол жүруді қоса алғанда) академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры көтерді.