Tengrinews.kz
- 11 ақп. 2026 02:30
- 144
Қазақстанның бірнеше облысында мектеп оқушылары 11 ақпанда қашықтан оқиды
Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 ақпанда бірінші ауысымдағы мектеп және колледж оқушылары қашықтан оқытылады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облысы
Павлодар облысының білім басқармасының хабарлауынша, көктайғаққа байланысты 11 ақпанда бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды.
Семей қаласы
Семей қаласында да көктайғаққа байланысты 11 ақпан күні мектептердегі 1-11 сынып оқушылары мен колледж студенттерінің бірінші және екінші ауысымдағы сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында 11 ақпанда барлық білім беру мекемелерінде бірінші және екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту режиміне көшеді.