Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 минут бұрын)
Қазақстанның кейбір аймақтарында автокөлік қозғалысы шектелуі мүмкін

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Антитеррорлық орталығының хабарлауынша, маусым айының 5-і мен 30-ы аралығында еліміздің аумағында «Найза-Антитеррор-2026» оқу-жаттығу шаралары өтеді.

Бұл шаралар республика аумағында ҰҚК Антитеррорлық орталығының басшылығымен ұйымдастырылып отыр. Оқу-жаттығуларға байланысты кейбір аймақтарда автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

ҰҚК азаматтарды оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және шараға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздеріне ғана сүйеніп, жалған ақпараттарды таратпауды өтінді.

Жаңалықтар

Жарнама