- 15 қаз. 2020 00:00
- 241
ҚазҰУ - Білім мен Ғылым ордасы
Мамандық таңдау сөзінің мағынасын әрбір мектеп түлегі тереңінен ұғынары сөзсіз. Себебі, болашағын ойлаған кез-келген азамат мамандық таңдауда ұзақ толғанатыны анық. Дегенмен, көп жағдайда жастар көптеген критерийлерге сүйеніп, қандай мамандық таңдау керек екендігі тұрғысынан жаңылысып жатады. «Ата-анамның қалауы орындалса болды», «Диплом алсам болды» деген ойлар басымдық көрсететін тұстар да кездеседі.
Ал қазіргі таңда әр жеке тұлға өз өмір жолын өзі таңдауға құқылы. Дана қазағымыз «Екі нәрседен жаңылыспау керек, соның бірі: мамандық таңдау» - деп бекер айтпаса керек. Әрине, бұл ойлар көп жастарды толғандырғаны анық. Ең алдымен, «Мен кіммін?», «Менің кім болғым келеді?» деген сауалдарға жауап іздейді. Қазіргі кезде көптеген ата-ананың баласының таңдауыммен келісіп, еркіндік беруі де жиі кездесетіні қуантады. Бүгінгі студенттердің әңгімесінен қалаған жоғары оқу орнына оқуға түсуге өз қалауларымен келгенін байқаймыз. Университеттің 1-курс студенті атанған жастардың дені осы пікірге сүйенетіні белгілі. Соның бірі – Асқарбек Әнел де: «Мен уақыт өте келе табиғатпен байланысы бар әрі бүгінгі адамзатқа ең өзекті болып табылатын тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға жақын мамандықтарды зерттей бастадым, әрі осы мамандықты таңдадым. Болашақ түлектерге айтар басты кеңесім: жоғарғы оқу орнын таңдауда оның атағына емес, таңдаған мамандықтың оқу орнында оқытылу деңгейіне назар аудару керек. Менің таңдауым - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсті. Мен ҰБТ-ны сәтті тапсырып, ҚазҰУ-дың Студенті атандым. Мен осы таңдауыммен мақтанамын, себебі, бүгінде ҚазҰУ - білімді жастарды даярлауға зор үлес қосып отырған қара шаңырақ. Осындай қуанышты сәтімде өз ақылы мен парасаттылығымен қарсы алған университет доценттері К.Е.Абикенова мен У.М. Джолдыбаеваға ерекше алғысымды білдіргім келедіі» - деген пікір айтты.
Болашаққа талпынып студент атанған жастар үшін өздері ұнататын әрі қоғамға қажет мамандық иесі атану – өміріндегі ең маңызды қадам болары анық. Бүгінде ҚазҰУ студенттерінің жетістіктерге жету жолында мүмкіндіктері де зор. Оқуға құштар жастардың қатарының көбеюі ұлтымыздың болашағы жарқын екендігінің дәлелі бола алары сөзсіз.
У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті
Ә.Б.Асқарбек Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенті
-
COVID-19 пандемиясы адам өмірінің бірінші орында екендігін қайта дәлелдеп бергендей. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химик-ғалымдары пандемия басталуымен тиісті ғылыми-зерттеу жұмыс...