Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қылмыс деңгейі тұрғысынан әлемдегі ең қауіпсіз жер

Түнде есікті жабу, велосипедтерді шынжырлау немесе аулада ойнап жүретін балалар үшін алаңдаудың қажеті жоқ болғаны тамаша ғой. Бұл жағынан алғанда Жер шарындағы ең қауіпсіз орын Фарер аралдары болып табылатын сияқты. 

Мұндай мәлімдемені түрмелердегі бас бостандығынан айырылғандардың санына қарап жасауға болады. Қазіргі таңда Фарер аралдарының түрмесінде алты адам отыр. Ол елде 100 мың адамға шаққанда 12 адам жазасын өтеп жатыр. Мысалы, Қазақстанда 168, Ресейде 375, АҚШ-да 655 адам.  (Мәліметтер prisonstudies.org)

Фарер аралдары — бұл Дания корольдігінің дербес облысы. Олар Атлант мұхитында шамамен Шотландия мен Исландияның арасында жатыр. 1948 жылдан бері бұл облыс ішкі мәселелерінің барлығына дерлігін өзі шешеді. Дания тек Фарер аралдарының әділет мәселелері, полиция, қорғаныс және валюта мәселелеріне ғана жауапты.  

Бұл аралдарда 48 мыңнан сәл астам адам тұрады. Оған қоса олар керемет көрікті жерде тұрады деп нық айтуға болады. Онда түрлі сарқырамалар мен жасыл жайлаулар бар, ал айналасы мұхит. Ол жерде тамаша толқындар болып тұрады, яғни суыққа төзімді сёрферлер шартараптан оқтын-оқтын толқынды бағындыруға келіп тұрады. Фарер аралдары — міндетті түрде барып қайту керек тағы бір жер. Ол жердің табиғаты тамаша ғана емес, сондай-ақ онда қылмыс жоқтың қасы. Олай болуы заңды да, аралдарда тұратындар саны аз, онда әрбір адам — танысының танысы немесе тіпті туысы болып шығады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама