- 08 ақп. 2020 00:00
- 298
Қырық сұрақ
Қожанасыр ауылына бірде фәлсәфаға құмар ділмәр біреу келіпті де:
— Ауылдағы ең ақылды адам кім? — депті көпшілікке.
— Қожанасыр, — депті көпшілік.
— Ендеше шақырыңдар.
Қожанасыр келеді.
— Мен саған қырық сұрақ қойсам, — деді бейтаныс желпініп. — Сен оларға екі-ақ сөзбен жауап бере аласың ба?
— Берейін.
Бейтаныс санап отырып қырық сұрақ қояды да:
— Кәне, жауабыңды екі-ақ сөзбен айтып байқашы, — деп кекесінмен күледі.
— Түсінсем, бұйырмасын, — депті Қожанасыр.