Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қожаның саудасы

Бірде Қожаға әйелі:

— Таңертеңнен кешке дейін үйде сарылып отыра бересің, жалқаусың, шөп басын сындырмайсың, басқалардың еркегі құсап бір пайдалы кәсіппен шұғылданбаймысың? — деп ренжісе керек.

Әйелінің сөзі қамшы болып тиген қожа, «не кәсіп етсем екен» деп әрі ойланып, бері ойланып, ақыры дәрі-дәрмек сатуды кәсіп етейін деген тоқтамға келеді.

Қожа базар алаңында алдына бір қап күлді төгіп қойып, бір шымшым алып, қағазға орап:

— Тышқан улайтын дәрі алыңдар, — деп өткен-кеткенге құлақ қағыс етіп қойып, отыра береді. Біреу сатып алмақшы болып, бұ дәріні қалай пайдаланудың жолын сұрайды.

— Тышқанды ұстап алыңыз да, құйрығынан ұстап тұрып, жерге қатты соғып қалыңыз. Сонсоң, тырп ете алмай қалған кезде, аузы мен мұрнына мына дәріні сепсеңіз болғаны, сеспей қатады, — дейді Қожа.

Ана кісі ақырып:

— Сөз-ақ екен! Жарықтығым-ау, тышқанды ұстап алсам, сенің дәріңсіз-ақ өлтірмеймін бе? — дейді.

Сонда Қожа:

— Маған дәрі алғаның керек, ал тышқанды қалай өлтірсең, олай өлтір, ол өз жұмысың, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама