Қыста аулада балалар ойнап жүр
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Дені саудың – жаны сау»
Апта тақырыбы: «Өзіңді өзің қорғай біл»
Тақырыбы: Қыста аулада балалар ойнап жүр.
Мақсаты:
Білімділігі: Үлкендер еңбегін түсіндіру. Қысқы табиғат көрінісін ауызша бейнелеу. Ағаштардың жапырағының күзде түсетіндігін ұғындыру. Осы бейнені суреттей білу. Дәстүрден тыс әдіспен бейнелеуді үйрету.
Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Қысқы табиғат ерекшеліктерін байқағыштықты және қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білуге тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Қыс - зима, қар - снег, аққала - снеговик
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сурет салу, сұрақ – жауап, жұмбақ.
Көрнекіліктер, құрал – жабдықтар: қысқы ойындар суреті, АКТ, мақта таяқшасы, тіс пастасы, әйнек, сулы сүрткіштер, баяу музыка.
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, қараңдаршы біздерге бүгін қонақтар келіпті. Қане, бәріміз шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері: «бейне жазбамен»
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Кім шешуін табады?
Аяз қысып өрнек сызып
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып
Балдырғандар ойнайды
Кейде ұлып, кейде ысқырып
Ұйтқып боран соғады
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- (Қыс мезгілі)
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- 3 айдан.
Қыс айларын кім атайды?
- желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қыс мезгілі екенің қайдан біліп тұрмыз?
- Қыс мезгілінде көптеген өзгерістер болады, күн суытып аяз, боран болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнағанды жақсы көресіңдер.
- Қыста шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қармен ойнаймыз.
2. Негізгі бөлім:
Мына суреттерді қараңдаршы балалар шаңғы теуіп жүр, шанамен сырғанап жүр.
Енді балалар естеріңде ме біздер кеше далаға серуенге шыққанда қандай ойын ойнадық?
- шанамен сырғанадық, қар лақтырыстық.
Балалар сендер қысқы ойындар туралы тақпақтар білесіңдер ме?
- Аяулым.
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Мына картинаны қараңдаршы орыс халқының суретшісі Владимир Иванов салыпты.
Біздер суретші құсап салмағанмен өзіміздің қолымыздан келгенше саламыз.
Сурет салмас бұрын бейне жазба қарап алайық.
Ал сендер аққала салғыларын келеме?
Балалар орыс тілінде Қыс - зима, қар - снег, аққала - снеговик деп атайды екен, кәне бәріміз қайталайық.
Аққала үш бөліктен тұрады. Үлкен бөлігі - астына, ортаншы бөлігі ортасына, кіші бөлігі үстіне қою. Аққаланың бейнесі жақсы көрінуі үшін басына шелек суретін салуды, мұрны сәбізден бола алатынын ескертемін, бөліктерді біріктіру, қолын таяқшалардан жасау; Мұрнын, көзін неден жасайды? Сәбізден, көмірден жасайды. Түстері қандай? Қызғылт сары, қара.
Бірақ күндегідей қарындаштармен емес, су бояқтармен емес, дәстүрден тыс әдісін пайдаланамыз тіс пастасымен саламыз. Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру. Көздерін, мұрның мақта талшығымен саламыз.
- Енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:( бейнежазбамен)
Д. о «Қыс мезгілінің ерекшеліктерін тап» (Қыс мезгіліне байланысты суреттерді тауып жапсыру)
Қимылдық ойын: «Шаңғы тебу»
Кім аққала туралы тақпақ біледі?
Гауһар:
Домалатып ақ қарды,
Ұлпа қарлар жинаймыз.
Үлкен, кіші орташа.
Дөңгелектеп құраймыз.
Мұрнын жасап сәбізден,
Бас киімін шелектен.
Көңілденіп секіріп,
Аққаланы жасаймыз.
Қорытынды:
Қысқы ойындарды ата?
Балалар біз ненің суретін салдық?
Балалар аққала неше бөліктен тұрады?
Қандай әдіспен салдық?
Балалардың жауаптарын толықтыру, балаларды мадақтау, жұмыстарын бағалау, оқу қызметін тәмамдау.
- Көрдіңдер ме балалар қыс мезгілі қандай тамаша.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілін және ерекшеліктерін біледі.
Игереді: Суретке қарап қысқы ойын түрлеріне әңгіме құрауды игереді.
Меңгереді: Аққаланы дәстүрден тыс әдіспен бейнелеуді меңгереді.
Сарсенова Лаззат Сериккалиевна
Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№33«Көркемай» балабақшасының ересек топ тәрбиешісі
Қыста аулада балалар ойнап жүр. жүктеу