Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Наурыз!» ересек топтарға ертеңгілік
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Наурыз!» ересек топтарға ертеңгілік

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата - бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт - дәстүрді, мұраларды танып - білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
“Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.

Батыр: қолында қамшы бар атқа мініп, наурыз құтты болсын! алақай!
Жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар! Баршаңызды қазақ халқының ұлттық мерекесі, жер - дүниені жаңартып, адам баласы табиғат ана қайта жаңғырып түлейтін, көктемді өзімен ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты.
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Осы Наурыз мерекесіне арналған көңілді әнімізді шырқап берейік.
Ән «Наурыз»

Жүргізуші: Ой қонақтар жақындап қалған сияқты «Жасұлан» ауылынан қонақтар келе жатыр. Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер! Бүгін біздің «Ертөстік» ауылында үлкен той Наурыз мерекесі болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!
Қонақ әже:
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашады
Жүргізуші: Наурыз – «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл күн – біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі. Наурыз – жыл бойы өткен - кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән - күймен, би – тақпақпен, ойын - сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі. Біздің балаларымыздыңда Наурыз мерекесіне арнаған құттықтаулары бар, қабыл алыңыздар!

Тақпақтар: (Ерасыл, Батыр, Алдияр, Балауса, Арсен, Серікболсын)
Қонақ әже: Біздің балаларымыз шетінен өнерлі:
Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған балалардың құттықтаулары:
Көрініс: «Алдар көсе»
Әсем әуенмен Алдар көсе кіреді:
Ойын: «Асық ату»
Әже: Біздер тойға құр алақан келген жоқпыз. Ән – би өнерімізбен қатар, айтыскер ақындарымызда бар:
Ақындар айтысы:
Сахналық қойылым: «Алтын сақа». (Шал рөлінде Батыр, Мыстан рөлінде Сезім, бала рөлінде Әнуар.)
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым» деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді. Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Мына малдың бәрін беремін.
Мыстан: Жоқ маған мал керек емес, балаңды, бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жарайды, жалғыз Әнуар деген ұлым бар еді, соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?

Сарсенова Лаззат Сериккалиевна
Атырау қаласы Бірлік ауылы
№33 «Көркемай» балабақшасының ересек топ тәрбиешісі
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Наурыз!» ересек топтарға ертеңгілік. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама