Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қыз екен десем

Ашылы ауылының қыстағында біреу келін түсіріпті. Жаңадан түскен келін басына шытын тартпай үнемі жалаң бас жүреді екен. Бір күні сол үйге Санжының құм жиегінен бір шал келе жатып, іздеген адамның қай жерде екенін ұғысуға үйге түссе, үйде бір бойжеткен қыз бен кемпір ғана отырса керек. Аман-сәлемнен соң, іздеген адамның жөнін сұрап жайлана шайға отырады. Шалекең өзінің ұлының әлі үйлене алмағанын ойлап «мына қызға балама құдалық сөйлесе кетейін» деп кемпірден:

— Мына балаңыздың басы бос па? Құдаласқан жері бар ма? — дейді.

— Ойбай көтек! Не дейсіз, бұл менің келінім, — дейді кемпір.

Сонда шал:

— «Бұрынғының қойы маңырап келуші еді, ендігінің қойы аузын ашып келетін болған ба?» деген екен бір саңырау шал. Сол секілді бұрынғының келіні желек жамылушы еді, ендігінің келіні жалаң бас жүретін болған ба? Қызы қайсы? Келіні қайсы? Айырғысыз. Келініңізді қызыңыз екен деп құдалық сөйлесе жаздаппын. Айыпқа бұйыра көрмеңіз! — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама