Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Қыз Жібек - жыр, опера, кино
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыр - опера - кино
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жыр және опера өнерімен таныстықты одан әрі жалғастыру.»Қыз Жібек» операсының жырының мазмұнмен танысу, Операны жазған композитор Е. Брусиловскиймен танысу.
Дамыту: Оқушылардың ән орындау мүмкіндігін дамыту
Тәрбиелік: Жыр мазмұнымен танысу арқылы қазақ халық өнерін қадір тұта білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Е. Брусиловскийдің суреті, операдағы бейнелер: Қыз Жібек роліндегі К. Байсейітованың, кинодағы Жібек М. Өтекешованың, Ыбырай Сандыбайұлының суреттері, Муз. орталық, слайдтар. компьютер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Жаңа сабақты таныстыру:
Қазақ халқы - ән мен жырға бай халық. Солардың бірі бүгінгі сабағымызда арқау еткелі отырған «Қыз Жібек» жыры.»Қыз Жібек» жырын негізге ала отырып композитор Е. Г. Брусиловский «Қыз Жібек» операсын жазған. Опера 4 бөлімнен тұрады, алғаш рет 1934 ж қойылған.
Е. Г. Брусиловский (1905 - 1981) Дондағы Ростов қаласында туған. Алғаш музыкалық сауатын өзінің анасы ашқан. Санкт-Петербург консерваториясын бітіргеннен кейін Алматыға келеді.. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ музыкасына елеулі үлес қосқан композитор. Бұған «Айман - Шолпан»,»Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Дудар - ай» опералары мысал. Көптеген әндердің (Қазақстан, «Шолпан», «Қос Қарлығаш»т. б) симфониялық шығармалардың авторы.

«Кыз Жібек» операсының қысқаша мазмұнын айтып өтем.
«Қыз Жібек» операсында Жібек бейнесін К. Байсейітова сомдаса, кинода М. Өтекешова сомдаған. Жібектің жан дүниесі, махаббаты Ыбырайдың «Гәкку» әнімен бейнеленген.(К. Байсейітова мен М. Өтекешова суреттерін көрсетіп таныстырып өтем)
Музыка тыңдау: «Гәкку» әнін тыңдаймыз.
Операдағы келесі бір негізгі кейіпкеріміз Төлеген. Оның бейнесін операда Жүсіпбек Елебеков, ал кинода Құман Тастанбеков сомдаған.(Суреттерін көрсетем) Төлеген бейнесі 3 түрлі әнмен сипатталады. Олар «Қос барабан»,» Алқара ай көк», «Қаракөз» әндері.
Терминдер: Опера, Либретто, Лейтмотив, Увертюра, Ария, Ариозо.(Танысу)
Музыка тыңдау.»Қос барабан» тыңдау
Дауыс жаттығулары:
Ән айту: «Гәкку» Әнін орындап үйрену.
Өткен әндерді қайталау. «Көктем шақырады», «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Сабақты қорытындылау:
- «Қыз Жібек» операсын жазған композитор кім?
- Опера ең алғаш рет қай жылы қойылған?
- Неше бөлімнен тұрады?
- Жібектің бейнесін сомдаған актрисалар?
- Төлеген бейнесін кім сомдады?
- Операда қолданылған әндер?

Үйге тапсырма: «қыз Жібек» жыры туралы мәлімет жинап әкелу.
Бағалау:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама