Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қызылордада сотталған 50 азамат колледждерге оқуға қабылданды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарға жалпы орта білім берілуде.

Бұл туралы ЗК-169/5 мекемесінің мемлекеттік тілде іс-жүргізушісі А.Әбдірәшитова хабарлады.

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабы, 1-тармағына сәйкес мемлекет әр азаматқа тегін орта білім алуға кепілдік береді және әрбір азамат білім алуға міндетті деп айқын көрсетілген.

  Осы орайда, ЗК-169/5 мекемесінде жаза өтеуші азаматтардың тиісінше білім алуына баса назар аударылған. Орта білім беру бағдарламасы 9-сынып және 12-сыныптық жүйеде қалалық жалпы білім беретін кешкі мектеп ұстаздары оқытады. Сонымен қатар, Қызылорда политехникалық колледжіне «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 25 сотталған азамат және Құрылыс және бизнес колледжіне «ағаш ұстасы» мамандығына 25 сотталған азамат  қабылданды.
   
 Бүгін мекеме бастығы, әділет майоры Т.Қалымбетовтың басшылығымен жазасын өтеуші сотталғандар арасында жаңа оқу жылының басталуына байланысты жалпы білім алушыларға арналған салтанатты шара аталып өтілді. Мекеме басшылығы 1 қыркүйек білім күнімен құттықтап, білім алуға ниет білдірген азаматтарға сәттілік тіледі. Бұл шара «Қоғамдық бақылау комиссиясы» төрағасының орынбасары М.Балғараев және кешкі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Нәсіпбековтің қатысуымен жүргізілді.     


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама